Лента новостей
0

Қостанайда дәріхана иесіне пара бергені үшін 6 млн айыппұл салынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.12.2016 21:56 Zakon.kz
Сот Мазурға параның 30 есе сомасы көлемінде айыппұл түрінде жаза кесті.
Қостанайда лауазымды тұлғаға пара берген жеке кәсіпкер Светлана Мазур сот үкімімен 6 млн теңге сомасында айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА хабарлады.

Мазур «ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаменті» РМБ басшысының міндетін атқарушы Күлзада Өтегеноваға пара берген.

Шенеунік Мазурдың дәріханасында анықталған бұзушылықтарды біліп, одан 200 мың теңге талап еткен. Пара екі бөлініп берілген, ақшаның соңғы бөлігін беріп жатқан кезде Өтегенова қылмыс үстінде ұсталды. Сот Мазурға параның 30 есе сомасы көлемінде айыппұл түрінде жаза кесті.

Бұл өмір бойына ұйымдастыру-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларын орындаумен байланысты лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 6 млн теңгені құрайды. Өтегенова бұдан бұрын хабарланғандай, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда апеляциялық сатыда жазаны 21 млн теңге айыппұлға өзгертуге қол жеткізді.

Фото: today.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: