Лента новостей
0

Қызылорда облысындағы тас жолды су шайып кетті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.12.2016 15:49 Zakon.kz
Қосымша бөгетті бекітуге 200 қап құм дайындалған. Арнайы техника мен жұмысшылар осында жұмылдырылған.
Сырдария өзені арнасынан асып, жағалауға жақын қоныстанған жұртты әбігерге салды. Ағысты реттеуге тірескен мұз кептелісі кедергі келтіруде. Соның салдарынан Жалағаш пен Қармақшы аудандарының шекарасында дария кемеріне сыймай тасып жатыр, деп жазады "Қазақстан" ҰТА.

Сөйтіп екі ауданды жалғайтын күре тамыр жолдың біраз жағалау бөлігін су басып қалды. Қазір табиғат апатының алдын алу үшін шұғыл әрекеттер жасалынып жатыр.

Арнасынан асып тасыған су тас жолды опырып, шайып жатыр. Соған байланысты қазір Жалағаш және Қармақшы аудандары ортасындағы жол жабылған. Байланыс тоқтады. Ал судың екпіні уақыт өткен сайын күшейе түсуде. Соған орай өңірде жедел штаб құрылды. Су тасқынын болдырмау тұрғысында нақты жұмыстар жүріп жатыр.

- 4 шақырымдай жерді су басып тұр. Сол жерде орналасқан өткел жол-көпір зақымданған болатын. Соған байланысты уақытша көпір жабылды. Трассадан асып, теміржолдың астында өткел бар , сол теміржол астындағы 3 өткел арқылы су арғы бетке асып Қараөзек арнасына түсуде, - дейді, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов.

Қосымша бөгетті бекітуге 200 қап құм дайындалған. Арнайы техника мен жұмысшылар осында жұмылдырылған. «Әзірге елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ», дейді мамандар.. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ деген, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жағы да қарастырылуда. Ол үшін 25 автобус дайын тұр.

Автор: Ақерке Берікбекқызы, Нұрлыбек Нұрмахан

Фото: syrboyi.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: