Лента новостей
0

Елімізде айықтырғыш мекемелер жетіспейді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.12.2016 16:07 Zakon.kz
Мас кісіні полиция бекетіне апарғанның өзінде, ол жерде адамды ары кетсе, 3-ақ сағат ұстауға болады. Мұнан кейін, айыптыны үйіне қайтару керек.
Ішімдікке сылқия тойып, елдің берекесін алғандарды полиция қайда апарарын білмей жүр. Айықтырғыштар санаулы-ақ. Ал қайбір қалаларда-- ол атымен жоқ. Полиция бөлімшесіне апарса, заң бойынша 3 сағаттан соң қайтару керек. Бірақ үш сағаттың ішінде айығып үлгермегендер ---үйіне жіберілген соң тыныштала қалуы екіталай. Біреуі отбасының ойранын шығарады, біреулері басқа да ауыр қылмыс жасайды. Былай тартсаң арба сынады, алай тартсаң өгіз өледінің кері. Ішкі істер министрлігі ішкіштердің мәселесін қалай шешпек? Мас кісі өзі үшін де, өзге үшін де қауіпті. Көшеде жүрсе, кім көрінгенге ұрынады. Ал үйде айқай-шу көтереді. Мұндай да, көршінің бірі полиция шақырады. Әлгі әумесердің қолын қайырып, алып кетер... Бірақ қайда?

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі Істер министрі:

Айықтырғыштардың саны өте аз. Қазір бар-жоғы 31 ғана мекеме бар. Ал алыс ауыл-аудандарда ондай атымен жоқ. Амал жоқ, мас кісілерді полиция учаскесіне апарады. Бірақ ол жерде ұзақ ұстауға болмайды. Әйтпесе, түрлі келеңсіздіктер туындайды. Мас адам балағаттап, жағдайды ушықтыруы мүмкін. Былайша айтқанда, жоқ жерден қылмысқа итермелейтін жағдай тудырамыз.

Мас кісіні полиция бекетіне апарғанның өзінде, ол жерде адамды ары кетсе, 3-ақ сағат ұстауға болады. Мұнан кейін, айыптыны үйіне қайтару керек. Заң солай дейді. Мұншама аз уақытта, адам айығып үлгермейді. Есесіне, ызасы артады. Ашуы еселенеді. «Ұстатып жібердің» деп, әйел-баласына шүйлүгуі мүмкін. Бұл бер жағы. Сарапшылар, қылмыстардың 10 пайызын осы мас адамдар жасайды дейді. Ішіп ап, ұрлық жасап, зорлық қылды деген айыппен биыл 14 мың кісі ұсталған. Ал, айқай-шу жасап, төбелес ұйымдастырғандардың саны 200 мыңнан асып кетеді. Не істеу керек? Қисалаң басқанды – 3 емес, 48 сағатқа қамап тастау керек,-дейтін ұсыныстар айтылып жатыр.

Марат Тоғжанов - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

Қазір ондай Заң қаралып жатыр. Сондықтан да оны өзгертетін болса, бүгінгі күні әрбір облыстан, ІІМ-нен ұсыныстар түсіп жатыр. Егер 48 сағатқа дейін ұзартатын болса, онда әлдеқайда жеңілдік табылар еді.

Бұл ұсыныс заңға еніп жатса, айықтырғыш мекемелерді көбейту керек болады. Себебі - қазіргі мекемелердің саны шектеулі әрі іші тар. Ішкі істер министрлігі - ішкіштердің мәселесі тек, осы оқшаулаушы орталықтардың санын ұлғайтумен шешіледі,-деп отыр. Мұндай мекеменің санын көбейтуге ұмтылыс - ұрттап қоятындардың көбейгенін білдірсе керек.

Гауһар Бектаева – медициналық айықтырғыш мекемесінің қызметкері:

Айықтырғыш мекемеге бір күнде осылай 25-30 адам түседі. Жас мөлшерлері де әртүрлі. 20 жастан бастап 65-ке дейінгі кісілер түседі. Әлеуметтік жағдайлары да әртүрлі.

Бұл мекемеге, бір жылда 40 мыңға жуық астаналық түнеп шығады екен. Ал, Республика масштабына салсақ, миллионның ар жақ, бер жағы болады. Бірақ, бұл мәліметтер айықтырғыштар санын көбейтуге себеп болмауы керек. Денсаулық сақтау саласының өкілдері, осындай уәж айтып отыр.

Руслан Әділханов – медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің сарапшысы:

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, елдегі бар айықтырғыш мекемелер толық күшімен жұмыс істеп тұрған жоқ. Бар-жоғы 60-ақ пайыз қамтылып отыр. Олай болса, тағы да жаңа ғимараттар соғудың қажеті жоқ. Екінші себеп. 1 адамның айығуына бюджеттен 4 мың теңге шығындалады. Ал жылға салсақ, яғни, 2015 жылы қазақстандықтарды мастықтан айық¬тыру үшін 1 миллиард теңгеге жуық қа¬ражат кеткен. Тағы да салынатын айықтырғыштар қандай шығын әкелерін есептеңіз.

КСМ: Мамандар, айықтырғыш мекемеде түнеп шығуды ақылы ету керек,-дейді. Сол кезде, бәлкім ішкіштердің саны азаяр деген үміт-ниеті бар. Мейлі ақылы, мейлі бюджеттен төленсін, қысқасы мас адамды көшеде қалдыруға болмайды. Әлгінде айтқанымыздай, не ол біреуге ұрынады, не мұны біреу ұрады.

Авторы: Нұрбек Бекбау

Фото: www.ctv.by

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: