Лента новостей
0

Ақтөбеде 11 айлық баласын дәлізде тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.01.2017 22:11 Zakon.kz
Нинаның тағдырына ауруханада балалары ем қабылдап жатқан ата-аналар да алаңдаулы. Олар сәбиге жылы киімдер, жөргектер әкелгендерін айтады.
Ақтөбе облысының тұрғыны 11 айлық баласын жатақхананың дәлізіне тастап кеткен. Қазір сәби облыстық балалар ауруханасында дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 айлық сәби Нина Хоренконы балалар ауруханасына жедел жәрдем жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, түскенде баланың дене қызуы болған. Қазір жағдайы жақсы. Алайда, төрт күннен бері баланы ешкім іздеп келмепті. «Жатақхана тұрғындары полицейлерді шақырған. Олар баланы тікелей сәбилер үйіне жібермейді, себебі, дәрігерлік тексеруден өткізуі тиіс. Сондықтан, жедел жәрдем көлігімен бізге алып келді. Емізулі бала болғаннан кейін, анасын іздеді. Бірақ, біз өз тарапымыздан қажетті қоспаларды беріп, тамақтандырдық. Жағдайы қазір бірқалыпты. Егер ата-анасы келмесе, баланы сәбилер үйіне жөнелтеміз»,- дейді облыстық балалар ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жанар Алниязова.

Нинаның тағдырына ауруханада балалары ем қабылдап жатқан ата-аналар да алаңдаулы. Олар сәбиге жылы киімдер, жөргектер әкелгендерін айтады.

« Менің балам да осы ауруханаға түскен. Емін алып болды, ауруханадан шықтық. Бірақ, Нинаны көргеннен кейін, уайымдап, бүгін шыдамай тағы жағдайын білуге келдім. Егер ата-анасы, туысқандары естісе, алып кетсе екен деймін. Осындағы барлық адамның тілегі - cол. Сәбиге ананың жылуынан басқа ешнәрсе керек емес ғой», - дейді қала тұрғыны Инна Рудакова.

Зада Зейін

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: