Лента новостей
0

Әлем бойынша Қазақ елі шай ішуден ондыққа кіреді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.01.2017 18:31 Zakon.kz
Шайдың құрамында кофеин кофеден де көп болып шықты.
Шай ішпесе басы ауыратын бір халық болса, ол – қазақ. Оның дәлелі – Қазақстан әлем бойынша шайды ең көп тұтынатын 10 елдің қатарына кірді. Алайды молынан тұтынғанымызбен, бұл өнімді өзіміз шығармаймыз. Үндістаннан, Кениядан, т.б. елдерден алып ішеміз. Ал олардың сапасы мен құрамындағы адам денсаулығына зиян келтіретін бояулар жайлы не білеміз? Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасының «Апта.kz» бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Әлемде шайды ең көп тұтынатын елдер көшін Түркия елі бастап тұр. Бауырлас түрік ағайындар елінде әр адам жылына 6,87 келі шай тұтынады екен. Одан кейінгі орындарға Марокко (жылына 4,34 келі), Ирландия (жылына 3,22 келі), Мавритания (жылына 3,22 келі), Ұлыбритания (жылына 2,24 келі), Сейшель аралдары (жылына 2,08 келі), Біріккен Араб Әмірліктері (жылына 1,89 келі), Кувейт (жылына 1,61 келі), Катар (жылына 1,60 келі) елдері жайғасқан. Ондықты біздің еліміз 1,54 келі көрсеткішпен тәмамдап тұр.

Бір қызығы, әлем бойынша шай нарығын жаулап алған елдердің бірде бірі аталған тізімге енбеген. Ал жақсы шай қолмен жиналған және шайдың ең жоғарғы бетіндегі жапырағынан ғана алынады екен. Төмендеген сайын сапасы да төмендей береді. Астыңғы шайдан әдетте түйіршіктелген шай жасалады. Ал қазақ шығымы жақсы деп көбінесе түйіршік шайды тұтынады. Одн кейін жақсы шықсын деп оны отқа бір қайнатып алады. Мұнымыз дұрыс па?

«Жапырақ шайды қайнатудың қажеті жоқ. Тіпті, бұрқылдап қайнаған суды құюға болмайды. Шай жапырақтары 90 градус температурада тұрып ашылады. Ұзақ тұрған сайын хош иісін береді. Біздің бір қателігіміз осы шайдың үстіне сүт, қайнаған су құямыз. Осыдан шайдың түрі де, дәмі де өзгеріп, барлық пайдалы элементтері жойылады», – дейді «Шай әлемі» дүкенінің қызметкері Мария Прус.

Шайдың құрамында кофеин кофеден де көп болып шықты. Алайда біз оған сүт, қайнаған су қосып төмендетеміз.

Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановтың айтуынша, қайнағаннан кейін 20-30 минуттан соң ішілген шайдың пайдасынан зияны көбірек.

Дағдарыс жайлаған заманда шайды көп ішетін қазақ үшін оған көп ақша жұмсау тиімсіз. Сол себепті бағасы арзан, бояуы көп, сапасы төмен шайды алады. Ал оның ішінде болатын бояудың зияны шаш етектен. Оның құрамындағы түрлі бояулар мен қоспаларды қалай тексеруге болатынын мамандар айтып берді.

Анықталғандай, шайдың ішінде бояудың қаншалықты көп екенін суық сумен тексеруге болады. Егер шайдың сапасы төмен, бояуы көп болса, мұздай судың өзінде шай шығып кетеді.

Сол сияқты шайдың сапасын лимон арқылы да тексеруге болады. Кейде шайға салған лимон қарайып, солып қалады. Яғни ол шайдың құрамындағы зиянды қоспаларды өзіне сіңіріп алады екен.

Фото: MedikForum
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: