Лента новостей
0

Қарағанды облысында көліктер қар құрсауында қалып қойды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.01.2017 19:02 Zakon.kz
Теміртаудан шыға берісте шамамен 300-ге жуық машина да осындай жағдайға душар болған.
Күн райының күрт бұзылуынан бүгін Қарағанды облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды. Салдарынан Қарағандыға жолаушылап кірген, шыққан жүздеген көлік тас жолдарда қарға малтығып, қаңтарылып қалды, деп жазады КТК телеарнасы.

Өйткені түнімен толассыз жауған қардың арты таң ата ақтүтек боранға ұласты. Осылайша бір қаладан екіншісіне түнделетіп шыққан көліктер қар құрсауында қалған. Астана мен Қарағандының қақ ортасында осындай 100-ден аса көлік кептелісте тұр.

Ал Теміртаудан шыға берісте шамамен 300-ге жуық машина да осындай жағдайға душар болған. Бір тәулікке жуық далада жатқан жүргізушілер мен жолаушылар жақын маңдағы дәмханадан жүрек жалғап, жан сақтапты. Жүргізушілер қозғалысты реттеуден қашқақтаған полицияның жұмысына да наразы.

Фото: mgorod.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: