Лента новостей
0

Тараз педагогикалық институтында үш тілді оқыту жүйесі 8 мамандық бойынша енгізілді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.02.2017 18:34 Zakon.kz
Оқу орнында ағылшын тілінде оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар және электронды оқулықтар шығару қолға алынған.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында үш тілді оқыту жүйесі 8 мамандық бойынша енгізілген, деп хабарлайды zakon.kz, оқу орнының Ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Институтта үш тілді білім беру бағдарламасы бойынша педагог мамандарды даярлау 2012 жылдан бері іске асырылып келеді. Мақсат – оқу үдерісінде үш тілде оқытудың инновациялық технологияларын енгізе отырып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған көптілді білім беруді жүзеге асыру.

Бүгінде ТарМПИ-да "Тарих", "Математика", "Информатика", "Химия", "Физика", "Биология", "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие", "Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі" мамандықтарында оқитын студенттер үш тілді білім беру жүйесі бойынша оқытылуда. Студенттер аталған бағдарламаны енгізу нәтижесінде бірқатар нәтижелерге де қол жеткізген.

Сонымен қатар, педагогикалық институттың 36 оқытушысы мен 152 студенті қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытуға арналған деңгейлік тілдік курстарда білімдерін жетілдіруде. Бұл шара Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мен Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы және Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының арасында жасалған меморандум аясында жүзеге асырылып отыр.

Сондай-ақ, оқу орнында ағылшын тілінде оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар және электронды оқулықтар шығару қолға алынған.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: