Лента новостей
0

Денесінен пышақ өтпейтін павлодарлық Гиннестің рекордтар кітабына енуді көздеп отыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.02.2017 19:37 Zakon.kz
Жеңісбек дүниеге келгенде салмағы бес келі болып туылған.
Павлодар облысында шымыр денесін шеге теспейтін әрі тілсең пышақ кеспейтін экстремал Жеңісбек Қадырұлы Қазақстандағы Гиннестің рекордтар кітабына енуді көздеп отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Көбеген батырдың ұрпағы Жеңісбек Қадырұлы жуырда Ресейге барып өнер көрсетіп, шет ел тұрғындарын өнерімен тамсандырып қайтты.

- Пышақпен денемді кесіп, өткір араның жүзіне жатып, үстімнен он шақты адамды өткіздім. Сондай-ақ, екі шынашағыммен 16 келі екі кір тасын, ал тісіммен 32 келі кір тасын көтеріп, өнер көрсеттім. Омбылықтар қабілетімді бағалап, «Батыр Жеңісбек» деген ат берді. Ол да бір мәртебе шығар деп ойлаймын. Бұдан бөлек, Омбы қаасының мәдениет департаментінің алғыс хатымен марапатталдым. Аталмыш сапарымнан кейін «Қазақстан» ұлттық арнасының «Айтуға оңай» бағдарламасына шақырту алдым. Баянауыл аудандық әкімдігінің қолдауымен аталмыш бағдарламаға қатысып қайттым,- дейді ерекше өнер иесі.

Жеңісбек дүниеге келгенде салмағы бес келі болып туылған. Сондықтан анасы Шәрбану көп уақытқа дейін ешкімге көрсетпей өсірген. Ес біле келе қорада ойнап жүрген кезінде байқаусызда қозыны буындырып, өлтіріп алған кезі де болған.

- Мұны көрген әкем "балама ата-бабасының батырлығы дарыған екен" деп жақсылыққа жорыған. Жалпы, қазір кішкентай балаларды тәрбиелеуге жүрексінемін. Өйткені байқаусызда олар жараланып қалса, обалына қалғым келмейді. Негізі ересек жігіттерден 10 шақты шәкірт дайындағанмын. Болашақта Гиннестің рекордтар кітабына енсем деймін, оның да өзіндік ережерелі бар екен. Қазір бар күшімді соған салудамын, - деді Жеңісбек Қадырұлы.

Айта кетейік, баянауылдық Жеңісбек бірнеше жыл бұрын өткен «Аймақтар аламаны» республикалық жобасына қатысып, бас жүлдені иеленген болатын.

Фото: pavlodarnews.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: