Лента новостей
0

Оралда жол-көлік оқиғалары жиілеп кетіп отыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.03.2017 20:21 Zakon.kz
Өткен жылғы осы мерзімде 22 жол-көлік оқиғасынан 3 адам мерт болып, 31-і жарақат алған еді.
Орал қаласында жол-көлік оқиғалары жиілеп кетіп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Орал қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы екі айдың өзінде облыс орталығында осындай 32 дерек тіркеліп, соның салдарынан 2 адам қаза тауып, 32-сі түрлі жарақат алды. Өткен жылғы осы мерзімде 22 жол-көлік оқиғасынан 3 адам мерт болып, 31-і жарақат алған еді.

Еске сала кетейік, 8 наурыз күні сағат 15.00-де Зеленов ауданы Мичурин ауылының 1960 жылғы тұрғыны №5 бағытта қатынайтын «Мерседес Бенц» автобусымен Оралдағы Шолохов көшесі бойында «Пластик» аялдамасына қарсы бетте екі адамды қағып кеткен болатын. Соның салдарынан ер адам облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмса, екіншісі №6 хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. Олардың жолды кесіп өтуге болмайтын тұста өтіп бара жатып, көлікке соғылғаны анықталды.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне (көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзуы) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Соңғы кезде көлікке байланысты қылмыстық оқиғалар да тіркелуде. Мысалы, 4 наурыз күні Орал қалалық ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Еуразия даңғылы бойында «Фольксваген Пассат» автокөлігін тоқтатып, тексерген кезде 1960 жылғы көлік иесінің жалған нөмір тағып, емін-еркін жүргендігі белгілі болды.

Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынып, ҚР ҚК 386-бабы 1-бөліміне сәйкес тергеу жүргізілуде. Сол секілді 8 наурыз күні 1988 жылғы С. деген азаматқа тиесілі «Фольксваген Пассат» автокөлігін Деповская көшесі бойындағы үйлердің бірінің ауласынан белгісіз біреулер айдап кеткен. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 1991 жылғы күдікті ұсталып, ешқайда кетпейтіні жөнінде қолхат алынды. Өз кінәсін мойындаған оның да үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: