Лента новостей
0

Елдос Сметов жамбылдық жастарға шеберлік сыныбын өткізді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.03.2017 18:09 Zakon.kz
Шеберлік сыныбының соңында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының басшылығы Олимпиада жүлдегеріне оқу орны ұжымының атынан алғысын жеткізіп, сый-сияпат көрсетті.
Рио Олимпиадасының күміс медаль иегері, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елдос Сметов Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының спорт кешенінде шеберлік сыныбын өткізді. Бұл туралы zakon.kz, оқу орнының Ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

ТарМПИ-дың 50 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған шараға күреске қызығушылық танытып жүрген оқу орнының студенттері қатысты. Шаршы алаңда шашасына шаң жұқпаған балуан волейбол, тренажер және бокс залдарында түрлі оқу-жаттығу сабақтарымен танысты. Ал, күрес залында Е. Сметов балғын балуандарға дзюдодан шеберлік сыныбын өткізіп, бірнеше әдіс-тәсілдерді көрсетті.



Студенттер Елдостың әрбір қимыл-қозғалысын мұқият бақылап, айтқан ақыл-кеңестерін зейін қойып тыңдады. Сондай-ақ, есімі әлемге белгілі спорт шебері жастармен сұхбаттасып, олардың қойған сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Шеберлік сыныбының соңында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының басшылығы Олимпиада жүлдегеріне оқу орны ұжымының атынан алғысын жеткізіп, сый-сияпат көрсетті.

Айта кетейік, Елдос Сметов – дзюдодан 2010 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, 2015 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионы, 2016 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы.



Рио Олимпиадасында 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық балуан әуелі ливиялық Элкабиса Мохамед Эльхадиді жеңді. Одан кейін ұлыбританиялық Эшли Маккензиден және өзбекстандық Диорбек Урозбаевтан айласын асырған болатын.

Жартылай финалда ол әзірбайжандық Орхан Сафаровты қапы қалдырып, финалда ресейлік Беслан Мудрановпен күресті. Аса тартысты өткен белдесуде қос қарсылас негізгі уақытта тең шығып, қосымша кезеңде Ресей спортшысы басым түскен-тін.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: