Лента новостей
0

Б.Сапарбаев өңірдің дамуын­а елеулі үлес қосқан ­ардагерлердің шаңырақтарында болып қайтты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.06.2017 20:00 Zakon.kz
Облыс басшысы аға буынның атқарған істеріне алғыс айтып, бүгінгі жетістіктердің негізі солардың қолымен қаланғанын айтты.
Ежелгі қазақ дәстүрі бойынша батыс өңірінде 14 наурызда көрісу басталды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар қадірлі қарттардың шаңырақтарында болып, сәлемдесіп шықты, деп хабарлайды облыс əкімінің баспасөз қызметі.



Облысқа есімдері танымал еңбек ардагерлері Қарлыға Кереева, Әліби Қойлыбаев, Зайыр Жанжаркенов облыс басшысымен әңгімелесу барысында бұл мерекені батыс өңірі ылғи да ерекше салтанатпен атап өтетінін айтып, үйіндегі бар жақсы киімдерін киініп, ұйқысынан ерте тұрған адамдар жақын ауылдарды аралап, үлкендерге қол беріп, барша жұртқа жақсылық пен игіліктер тілейтінін ерекше жылылық сезімімен еске алды.



Облыс басшысы аға буынның атқарған істеріне алғыс айтып, бүгінгі жетістіктердің негізі солардың қолымен қаланғанын айтты. Қарлыға Кереева Ойыл ауданында, Әліби Қойлыбаев Қарабұтақ ауданында ұзақ жылдар бойы халықпен тығыз байланыста қызмет істеді. Ал Зайыр Жанжаркенов Ақтөбе қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болып еңбек етті. Облыс әкімі ардагерлердің үлгісі жастар үшін баға жетпес қазына екенін атап көрсетіп, бұл кісілердің ұрпақтарының да бүгінде өнегелі жолда жүргеніне тоқталды.



Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев үлкен кісілерге жақсы денсаулық, ұзақ ғұмыр, сондай-ақ олардың жақын-жуықтарына игіліктер тілеп, ескерткіш сыйлықтар тапсырды. Еңбек ардагерлері қарт адамдарға деген ыстық ықыласы үшін облыс басшысына алғыстарын айтып, жұмысына табыс тіледі.



Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: