Лента новостей
0

СҚО-дан шыққан алаяқ Түменнен табылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.03.2017 22:26 Zakon.kz
ТМД елдерінің құқық қорғау органдары үшін Ресей мен Өзбекстан тәртіп сақшылары іздеу жариялаған 7 қылмыскер анықталды және қолға түсті.
Екі күнде облыстың жедел қызметі іздеуде жүрген 23 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА, СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТМД елдерінің құқық қорғау органдары үшін Ресей мен Өзбекстан тәртіп сақшылары іздеу жариялаған 7 қылмыскер анықталды және қолға түсті. СҚО-да қылмыс жасаған 6 қылмыскер Қазақстаннан тыс аумақтарда ұсталды. Із-түзсіз жоғалған 8 адамның орналасқан жері анықталды.

«Түмен облысында солтүстікқазақстандық жедел қызмет ресейлік әріптестерімен бірлесіп, алаяқтығы үшін іздеу жарияланған 43 жастағы ер адамды ұстады. Ол өткен жылдың күзінен бері полициядан жасырынып келген. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ол Астанада пестицид сатумен айналысатын фирманы 20 миллион теңгеге алдап кеткен. Солтүстікқазақстандық алаяққа құрбан болған Петропавлдың екі тұрғыны қылмыскерге өз автокөліктерін сатпақ болған. Ақырында көліксіз, ақшасыз сан соғып қалған. Қылмыскер ұсталды және Түмен қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп хабарлады полициялық мекеменің баспасөз қызметі.

Петропавлда жедел қызмет облыс орталығының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Оған есірткі саудасымен айналысқаны үшін ресейлік құқық қорғау органдары іздеу салған еді. Қылмыскер 4 жыл бұрын Ямал-Ненецк автономды округінде сотталған. Шартты түрде жазаланған қылмыскер ресейлік тәртіп сақшыларынан жасырынып күн кешкен.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: