Лента новостей
0

Шымкентте Наурыз-жəрмеңке өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.03.2017 20:16 Zakon.kz
Жалпы жәрмеңке сөресіне 61 тонна ет, 50 тонна көкөніс, 5 тонна балық, 5 тонна кептірілген жеміс, 8 тонна сүт, 2 тонна шұбат,10 мың дана жұмыртқа шығарылды.
Шымкент қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шарада 97 миллион теңгені құрайтын 160 тоннаға жуық азық-түлік тауарлары нарықтағыдан 15-20 пайыз төмен бағада босатылды. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы жәрмеңке сөресіне 61 тонна ет, 50 тонна көкөніс, 5 тонна балық, 5 тонна кептірілген жеміс, 8 тонна сүт, 2 тонна шұбат,10 мың дана жұмыртқа шығарылды. Сондай-ақ 6 тоннаға жуық өсімдік майы мен бал өнімдері алымсақ назарына ұсынылды.

Бүгінде облыстың ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің үлесі республикаға шаққанда 12,3 пайызды құрайды. Ал, жалпы өндірілген өнімдер бойынша мақтаның – 100, жүзімнің - 68,5, бақшаның – 61, жеміс-жидектің -38, мақсарының - 36, көкөністің- 25, жүгерінің - 23, сүттің -13,5, еттің - 12,3 пайызы Оңтүстікте өндіріледі. Бұл облыстың аграрлық саладағы экспорттық және әлеуетінің жоғарғы екендігін көрсетеді.

Ағымдағы жылдан бастап Оңтүстікте мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы өндірістік кешенінің 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты - мемлекеттік қолдаулар мен қаржылық құралдарды шағын және орта бизнеске және кооперациялар жүйесін дамытуға бағыттап, ауыл тұрғындарының әл ауқаты мен еңбек өнімділігін арттыру.

Бүгінгі күннің өзінде облыста 25 мыңнан астам жеке және қосалқы фермерлік шаруашылықтардың басын біріктіретін 304 кооператив құрылған. Олардың бірқатары мемлекеттен қаржылай қолдау алып, өрісін кеңейтуге кіріскен.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: