Лента новостей
0

Түркістаннан басталған Наурыз Шымкентте жалғасты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.03.2017 02:08 Zakon.kz
Барша жұртшылықты көктемнің керемет мерекесімен құттықтаған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев оңтүстіктегі Наурыз мерекесінің кеше ғана киелі Түркістан қаласында бастау алғанына тоқталды.
Кеше киелі Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасы аясында Наурыз мерекесі тойланған болатын. Ал бүгін сол мерекенің жалғасындай боп Шымкент қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті. Бұл туралы Zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Миллионға жуық халқы бар шаһарда өткен мерекеге жиналған жұрттың санында есеп жоқ. Керемет көңіл күй мен басталған шараның шымылдығы ат спортымен өткен жарыспен түрілді. Мұнан соң «Шашу» хореографиялық композициясы орындалып, 60 домбырашы шеңбер жасап, күй тартты.

Наурыз айтыс ұйымдастырылып, 8 әже шашу шашып, 20 қыз құрметті қонақтар мен көрермендерге Наурыз көже таратты. Барша жұртшылықты көктемнің керемет мерекесімен құттықтаған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев оңтүстіктегі Наурыз мерекесінің кеше ғана киелі Түркістан қаласында бастау алғанына тоқталды.

«Жер-Ананың бусанып, күн мен түнді теңестірген жыл басы – Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мерекесі құтты болсын! Ежелден ата-бабаларымыз «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деген ақжарма тілекпен айналасын ақжарқын шуаққа бөлеген. Бұл күнді көңілге шаттық ұялайтын мезгіл, жаңару айы деп санаған. Кеше ғана киелі Түркістан топырағында Наурыз мерекесі аясында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасын өте жоғары деңгейде өткіздік. Осылайша Сіз бен біз тарихтың тамаша бір жаңа бетін жаздық», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Мұнан соң аймақ басшысы ел үшін еңбек еткен, тәуелсіздігімізді нығайтуға үлес қосқан елімізге танымал бір топ жерлесімізге «Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын салтанатты түрде табыс етті. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Айтаханов Қуаныш, қазақ руханиятының жанашыры Өмірзақ Айтбаев, жазушы, драматург Дулат Исабеков, қоғам қайраткерлері Болат Жылқышиев, Оразкүл Асанғазы, Шалатай Мырзахметов сынды түрлі салада еңбек етіп жүрген 25 азамат бар. Айта кетейік, бүгінде облыс аумағында жүзден аса этнос өкілдері ынтымақ бірлікте тату-тәтті өміріп сүріп, бірлесе білек сыбанып еңбек етіп жүр. Олар наурыз мерекесінде салт-дәстүрін сақтап, әдеп-ғұрпын дәріптеп жатты.

Мереке барысында «Айгөлек», «Шамсинур», «Шаттық» «Тұмар», «Қазына», «Арулар» би ансамблдері бірлесіп «Достық» cютасын орындады. Мұнан соң сахна төріне Қазақстан эстрадасының жұлдызы Серік Ибрагимов шығып, жиналған жұртты билетсе, «Ринго» тобы концерт көркін қыздыра түсті. Оңтүстіктегі наурыз мерекесі «Абай», «Жеңіс» саябақтары мен «Әл-Фараби» алаңында жалғасын тапты.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: