Лента новостей
0

Түркістанда түркі елдерінің басын қосқан наурыз той өтуде

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.03.2017 17:27 Zakon.kz
Түркі тілдес елдерден келген меймандар Түркістанда өткен осынау «жаңару» күніндегі торқалы тойдан ерекше әсер алып, ұлттық салт-дәстүрлеріміздің тәрбиелік мағынасы тереңде жатқанын жеткізді.
Түркістан қаласында «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы тойлануда. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа слтеме жасап хабарлайды.
Думанды Наурыз той мерекесіне орай, Қожа Ахмет Ясауи кесене маңында этно ауыл құрылып, онда ұлттық нақыштағы киіз үй әбзелдерімен әрленген 12 қанатты 33 киіз үй тігілді. Дастарханға ұлттық тағамдарымыз – қазы-қарта, жал-жая, қымыз, шұбат, наурыз көже, құрт, ірімшік, сірне, қаймақ, бауырсақ, ши бауырсақ, жент секілді жеңсік астар қойылды.
Сонымен бірге, әз Наурыз мерекесінде 1 тоннадан астам палау дайындалып, 1 500 л Наурыз көже үлестірілді.
Мұнан бөлек, келушілер ежелгі қазақ ауылында қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптейтін түрлі шаралары мен ұлттық спорт түрлерінен өткен сайыстарды тамашаласа, жастар жағы алты бақанда сайран салды.
Сонымен қоса, мәртебелі меймандар әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығының қызметкерлері ұйымдастырған тұсау кесер рәсіміне қатысса, өңір басшысы Ж.Түймебаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы және «ТҮРКСОЙ» Халықаралық Ұйымының Бас хатшысы Д.Қасейіновтер түркістандық балдырғанның тұсауын кесті.
Түркі тілдес елдерден келген меймандар Түркістанда өткен осынау «жаңару» күніндегі торқалы тойдан ерекше әсер алып, ұлттық салт-дәстүрлеріміздің тәрбиелік мағынасы тереңде жатқанын жеткізді.
Айта кетейік, «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының аясында осы күні Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де «Түркістан және Түркология» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтіп, шараға келген қонақтармен облыс әкімінің кездесуі жоспарланған. Сонымен қатар, іс-шара соңы түркі тілдес мемлекеттерден келген өнер ұжымдарының Гала-концертімен жалғасады.

Фото: ontustik.gov.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: