Лента новостей
0

Судьялық әдеп кодексінің қағидаттарының бірі - адамгершілік

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.03.2017 18:17 Фото: zakon.kz

К.А.Касимов

Қарағанды облысының

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған

ауданаралық сотының судьясы

 

 Судьялық әдеп кодексінің қағидаттарының бірі - адамгершілік

 

 

2016 жылдың 21 қараша күні өткен Қазақстан Республиқасының судьяларының VII съезінде қабылданған Судьялық әдеп кодексіне тоқталатын болсақ, Судья заң үстемдігін және сот органдарының тәуелсіздігі қағидаттарын қорғайтын және жүзеге асыратын бірден бір тұлға ретінде көрсетілген. Судья лауазымының жоғары мәртебесіне лайық болып, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

Сот биліктің шыңы деп айтсақ артық болмас, ал судья сот әділдігін орындаудағы басты тұлға.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Судьяның адамдарды алаламайтынына ешкімнің күмәні болмауы керек, бұл, ең әуелі судьяларға қатысты. Тек сонда ғана сот халықтың ілтипатына ілігеді, қоғамдағы әділеттіліктің бастауы болады». Басты бағыт-сот билігі адам құқығы мен бостандығын тиімді қорғайтын қоғамды әлеуметтік қақтығыстан сақтайтын және заңдылық пен әділдік қағидатының үстемдігін көтере білетінін көрсетіп отыр. Сонымен бірге республикада сот билігі халық арасында әлеуметтік әділеттіліктің кепіліне айналуда, бұл дегеніміз халықтың сенімінен шығу, олардың мүддесі үшін жұмыс атқару. Халқымыз «Сот беделі-мемлекет беделі» деп тегін айтпаған.

Қазіргі уақытта елімізде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформалардың оң нәтижесі ретінде сөзге тиек ете кететін бір мәселе ол сот отырыстарының аудио-бейнетіркеу (АБТ) арқылы өтуі судьяларды, мемлекеттік айыптаушыларды, қорғаушыларды, сонымен қоса сотқа қатысушы тараптарды тәртіпке шақырып сот отырысының заң талабына сай өтуіне көз жеткізу үшін жасалып жатқан оңтайлы шешімнің бірі. Сотқа жүгінген әр бір азаматтың мақсаты өз құқықтары мен заңды мүдделерін ең алдымен дауласқан тараптарды бөле жармай, тең ұстап отыратын судьяның парасаттылығы мен ұстамдылығына зер салып қарайды, сондықтан судья сот билігінің атына кір келтірмей сот төрелігін іске асыру мен судьялардың жүріс-тұрыс саласындағы халықаралық стандарттарды ұстануға тиіс. Осының барлығын алып қарасаңыз сот төрелігінің халыққа барынша ашық және қол жетімділігін арттырып оны кеңейту, Қазақстан Республикасының сот корпусының кәсіби біліктілігін және сапасын арттырып оны жоғарлату болып отыр.

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: