Лента новостей
0

Биыл халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары ҰБТ-дан босатылмайды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.03.2017 23:19 Zakon.kz
Соңғы үш жылда жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары атанған 43 мектеп бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылған болатын.
Биылғы жылы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары да ҰБТ-ға қатысатын болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «2016-2017 оқу жылында жалпы орта білім беру мектептеріндегі қорытынды аттестаттаудың жаңа форматы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясы барысында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаев мәлім етті.

- Ерекше үлгідегі аттестатқа үміткерлер мен "Алтын белгі" иегерлері, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалар бойынша түрлі сайыстардың жеңімпаздары жалпы негізде тест тапсыратын болады. Дегенмен мұндай санаттағы түлектерге жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, екі талапкер де тең дәрежеде ұпай жинаған болса, "Алтын белгі" немесе ерекше аттестат иегеріне басымдық беріледі. Тест тапсырмаларында Баян Есентаева туралы сияқты орынсыз сұрақтар болмайды. Сауалдарды дайындайтын Астанадағы сарапшы топтың ішіне павлодарлық белгілі ұстаздар да кірген, - дейді Жомарт Қарамбаев.

Еске сала кетейік, былтыр 2016 жылы ҚР «Білім туралы» Заңының мектеп бітірушілерін ҰБТ-ға қатысудан босату бөлігіне өзгерістер енгізуге байланысты соңғы үш жылда жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары атанған 43 мектеп бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылған болатын.

Ақбота Сейсенбаева

Суретті түсірген - Салима Истембекова


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: