Лента новостей
0

Қостанай облысында қызғаншақ күйеуі әйелін мылтықпен атып өлтіре жаздады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.04.2017 23:56 Zakon.kz
Сот ер адамды сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Сот қызғаныштан әйелін атып өлтірмек болған Қостанай облысы тұрғынын бас бостандығынан айырды деп хабарлайды stan.kz, облыстық соттың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Былтыр қараша айында Жітіқара тұрғыны түн ортасында қала кафелерінің біріне келеді. Қолында 16 колибрлі шолақ мылтық пен 12 оқ болған. Қызғаныштан ашуға булыққан ер адам шолақ мылтықты оқтайды да, әйелінің кеудесіне кезейді.

Бірнеше рет шүріппені басқанымен, еш нәтиже шықпайды. Сол кезде жәбірленуші оқиға орнынан қашып кетуге талпынады, бірақ күйеуі оны ұстап алып, тағы да шүріппені басады. Бұл жолы да оқ атылмай қойып, әйел адам қашып кетеді.

Сот ер адамды сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Фото: stan.kz
zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: