Қазақстандағы төралқа соты - объективті әрі әділ сот кепілі

Қазақстандағы төралқа соты - объективті әрі әділ сот кепілі (судья Қасым Серікұлы Қалмағамбетов)Cудья Қасым Серікұлы Қалмағамбетов

 

Алқабилер сотының қолданылу аясын кеңейту және алқабилер соты міндетті түрде болуы тиіс қылмыстық істер санаттарын заң жүзінде анықтау көзделіп отырғанына қарамастан, Қазақстанда алқабилердің қатысуымен сот жүргізу өзге елдердегідей кең тарамаған.

Статистикалық деректер бойынша, Қазақстанда алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық іс саны азайып келеді. Мәселен, 2007 жылы 36 қылмыстық іс қаралса, 2008 жылы -42 іс, ал 2009 жылы -60 іс қаралған. Тек 2010 жылдан ғана алқабилердің қатысуымен қаралған қылмыстық іс саны өсе бастаған, яғни 2010 жылы -270 қылмыстық іс, 2011 жылы -339, 2012 жылы 198. Ал 2014 жылдан бастап ҚР Қылмыстық кодексінің жаңа жобасы өз күшіне енді, сол кезден бастап алқабилер қатысуымен қаралатын іс саны кемігенін және бұл институтқа деген сенімнің азайғанын байқаймыз. 2014 жылы бар болғаны -65 іс, 2015 жылы -42 іс, 2016 жылы мемлекет бойынша не бары 47 іс қаралған.

Ал социологиялық зерттеулер, халық мұндай институттың барын білетінін және алқабилер жұмысы кең форматта болғанын қалайтынын көрсетіп отыр. Қазақстандықтардың басым көпшілігі (орта есеппен алғанда, сауалнамаға түскен 765 адамның 63%) алқабилер қатысуымен өтетін сотты құптап отыр. Орта есеппен алғанда, халықтың тең жартысы (сауалнамаға түскен 765 адамның 52%) сенім артып отыр, яғни алқабилер қатысуымен өткен сот, тек кәсіби мамандардан тұратын сотпен салыстырғанда әлде қайда әділетті шешім шығарады, деп санайды.

Алқабилер соты институтына қатысты қандай реформалар керек, болуы мүмкін және жақын арада жүзеге асырылатыны туралы судья Қасым Серікұлы Қалмағамбетовпен әңгімелесеміз:

-Өз тәжірибеңізге байланысты, сотталушылар қылмыстық ісі қаралуы кезінде алқабилер соты қатысуы мүмкіндігін қаншалықты жиі және қандай себептермен пайдаланатынын айта кетсеңіз?

Бұл сұраққа жауап берер алдында, «алқабилерге кімді тандайды» деген сұраққа жауап берген дұрыс деп ойлаймын. Алқаби сот жұмысына араласуға, қаралып жатқан іске қатысты өзінің азаматтық ойын білдіруге мүмкіндік берілген, істі таразылауға үн қосатын халықтың арасынан шыққан өкіл. Айыпталушылардың алқабилерді тандауының бірден бір себебі олар халық соты, тәуелсіз сот, яғни, қарапайым халыққа деген үміті мен сенімі, сот процессі жүру барысында әрбір айтылған сөзге, әрбір дәлелдемеге әділ де шыншыл көзбен қарайтын азаматтар..

Алқабилердің қатысуымен 100 нақты қадамда белгілеген Ұлт жоспарында орын алған Отандық сот ісін дамытуға қатысты 11 қадамның ішінде - алқабилер сотын қолдану саласын кеңейту, алқабилер сотымен қаралатын қылмыстық істердің санын ұлғайту мәселесі көзделген.

Мәселен 2015-жылы 1787 адамға қатысты 1401 қылмыстық іс аяқталған, оның ішінде 36 адамға қатысты 42 ісі алқабилердің қатысуымен қаралса 2 адамға қатысты алқабилердің қатысуымен ақтау үкімі шығарылған. Ал 2016 жылы 1870 адамға қатысты 1359 қылмыстық іс аяқталған, оның 66 адамға қатысты 47 ісі алқабилердің қатысуымен қаралса 8 адамға қатысты алқабилердің қатысуымен ақтау үкімі шығарылған.

- Алқабилер соты жүйесінің жұмысына ризасыз ба? Алқабилерді және алқабилер сотына үміткерлерді іріктеу процедурасының өзінде өзгеріс жасау керек пе?

«Көш жүре түзеледі», деген халық даналығына сәйкес, отандық сот жүйесінде өзінің орнын тапқан, бүгінгі таңда енгізілгеніне он жыл болған алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізу рәсімі әлбетте жетілдіруді қажет етеді. Бұл мемлекеттің интеграциялық үдерістердің аясында дамуы, экономикалық, саяси, әлеуметтік қарым қатынастардың заманауи талаптарға сәйкес қалыптасуына, халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сана сезімінің орнығуымен тікелей байланысты.

- Бір істі қарауға қанша алқаби іріктеп алынады? Судья алқабилер шешімін назарға алатынына қандай кепілдік бар?

Әрине, бұл сұраққа нақты жауап беру қиын, себебі алқабилерге үміткерлерді шақырғаннан кейін сот отырысына сол тізімнен қанша адам нақты келерін болжау мүмкін емес. Әртүрлі себептермен келмейтіндері де аз емес.

Алқабиге кандидаттардың бастапқы тізімін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрақты тұратын азаматтар қатарынан тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сайлаушылар тізімдерінің негізінде, алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптарға сай келетін адамдарды қоса отырып алдын ала бастапқы тізімін жасайды. Жеті күн мерзім ішінде азаматтардың жергілікті атқарушы органның үй-жайында алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы тізімімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, тізімдегі қателер мен дәлсіздіктер туралы өтініштерді қарайды және оған тиісті өзгерістер енгізу туралы мәселелерді шешеді. Ал тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы айқындаған санда, жеке-жеке әр аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы тізімінен азаматтарды кездейсоқ таңдап алуды жүргізеді және кездейсоқ таңдап алу нәтижелері бойынша алқабиге кандидаттардың бастапқы және қосалқы тізімдері жасалады. Сот отырысына шақырылған алқабилерге үміткерлердің саны 25 адамнан кем болмауы керек. Болжап айтқанда, шақырылған тізімнен сот отырысына 40 адам келсе, солардың ішінен заң талаптарына сай іріктелген 10 негізгі және 2 қосалқы алқабилер алқасы құрылады.  

- Қандай жағдайда сотталушы өз ісі алқабилердің қатысуымен қаралуын талап ете алады? Сот сотталушының бұл құқығын шектей ала ма және оған қандай себеп болуы керек?

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 321 бабы 4-бөлігінде көрсетілгендей, судья соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 (екінші бөлігінің 15) тармағында), 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде), 299 (төртінші бөлігінде) - баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмысты жасады деп айыпталатын сотталушыдан оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхаттың бар-жоғын, егер осындай өтінішхат мәлімделген болса, оның өз өтінішхатын қолдайтынын-қолдамайтынын анықтайды.

- Алқабилер сотын қолдану саласын кеңейту неліктен керек?

Алқабилердің қатысуымен істі қарау туралы қаулы шығарылған сәттен бастап, судья іс материалдарын мұқият зерделеп, істі қарау мен сот тергеуін жүргізуге жан-жақты дайындалып, процессуалдық бұзушылықтардың алдын-алып, іс жүзінде сот ісін жүргізуде тараптардың жарыспалығы мен тең құқылығын қамтамасыз етуге тиіс. Өз кезегінде төрағалық етуші, іске қатысып отырған,іске қатысып отырған, әдетте заң процедураларынан хабары жоқ, бірақ өздеріне мемлекет тарапынан артылған сенімді мәртебе тұтып, өздерінің абыройы, ар-ожданы және ішкі нанымы бойынша дұрыс шешім қабылдауға ынталы азаматтардың таусылмайтын сұрақтарына ыждаһаттылықпен жауап бере отырып, алқабилердің әділ шешім шығаруының бірден-бір кепілі. Ал қабылданған әділ шешім, біріншіден әділеттілікті орнатса, екіншіден құқықтық насихат пен ел тұрғындарының құқықтық сауаты мен заңға, оның ішінде басқа адамның құқықтарын бұзбай, қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын-алудың бірден-бір кепілі. Мәселен, бір істі қарауға қатысқан он екі алқаби, істі қарау аяқталған соң өз отбасында, орта есеппен төрт адамға заңды құрметтемей, басқа адамның құқығын бұзу қылмыстық жауапқа әкеп соқтыратынын түсіндіріп-талқылайтынын назарға алсақ, 2007 жылдан бастап, алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізуді енгізе отырып, мемлекет сотталушының конституциялық құқығын қамтамасыз етумен қатар халықтың құқықтық біліктілігін арттырып, құқықтық сана-сезім қалыптастыруға мол үлесін қосуда.

- Қандай істер алқабилер сотының қатысуымен қаралуы керек деп ойлайсыз?

Алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізуді одан әрі дамыту мемлекеттің құқықтық саясатының басты міндеті. Бұған дәлел Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы[6], аталған концепцияға сәйкес алқабилердің қатысуымен істерді қарау тәжірибесі қорытылып, халықаралық тәжірибеге сүйене келе кейбір қылмыс құрамдары, оның ішінде ауыр қылмыстар бойынша істерді сотта қарауға алқабилерді қатыстыруды енгізу оң әсерін тигізеді деген пікір қалыптасып отыр.

 

Сұхбатыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18 апреля 2017, 15:00
Источник, интернет-ресурс: Автор/өзгелер

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Акции
Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код