Лента новостей
0

Созақта Қызылкөл мен су қоймаға 60 мың сазан балығы жіберілді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.04.2017 18:53 Zakon.kz
Шабақтар Тараз қаласындағы қолдан балық өсіру шаруашылығынан жеткізілген.
Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында балық шаруашылығын дамыту ісі қолға алынды, хабарлайды Zakon.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Созақ балық өнімдері» коорперативі Құмкент ауыл округіндегі Қызылкөл көліне 30 мың сазан шабақтарын жіберді. Мұнан бөлек, Аққолтық елді мекеніндегі Үштөбе су қоймасына жеке кәсіпкер Ж.Нұрпейсова 30 мың дана сазан шабақтарын салды.



Шабақтар Тараз қаласындағы қолдан балық өсіру шаруашылығынан жеткізілген. Кәсіпкер балықтардың күтіп-баптауына ерекше көңіл бөлініп, жіті қадағалауда болатынын айтады.

«KAZ.GOLD.FISH» директоры Дінмұхаммед Қожахметтің айтуынша, алдағы аптада аудандағы 8 шағын көлді балықтандыру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, облыста бүгінде 3 балық өңдеу зауыты мен 28 балық шаруа қожалығы бар. Бұл кәсіпорындарда жылына 6 мың тоннаға дейін балық өңделеді.
zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: