Лента новостей
0

Сенімді серіктестердің диалогы

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.04.2017 23:45 Zakon.kz
Форумда дәстүр бойынша құрылыс саласындағы инновациялар және жоғары бәсекелестік жағдайындағы менеджменттің жаңа шешімдері ұсынылды.
Бүгін Астанада жол және инфрақұрылымдық құрылыс саласындағы жобаларды жүзеге асырып жатырған BI Group компаниясының BI Group Construction және BI Group Engineering холдингтерінің Жеткізушілер мен мердігерлерінің форумы өтті.

Форум – компанияның бизнес-серіктестерімен тәжірибе алмасуды, сапаның бірыңғай стандарттарын енгізу бойынша жұмысты жалғастыруды және қазіргі нарық жағдайында өзара тиімді бірлескен бизнесті дамытуға бағытталған ашық алаң.



«Тенгизшевройл» сияқты ірі тапсырыс берушімен жұмыс жасай отырып, біз мердігер компанияның атқаратын жұмысының барлық қыр-сырын сезінеміз. Біз кейде тендерлерде ұтылып жатамыз, кейде ұтамыз, бірақ ірі шетелдік компаниялармен өз үлесіміз үшін күресуге бар күшімізді саламыз. Әлемдегі ең ірі тапсырыс берушімен жұмыс жасау – біз үшін баға жетпес тәжірибе», - деді Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев.

Осы тәжірибесімен компания өз серіктестерімен бөліседі. Форумда дәстүр бойынша құрылыс саласындағы инновациялар және жоғары бәсекелестік жағдайындағы менеджменттің жаңа шешімдері ұсынылды.



Мәселен, BI Group қазірдің өзінде шығындарды азайту арқылы бизнестің кірістілігін арттыруға бағытталған Lean-технологияны өндіріс үдерісіне енгізуді белсенді түрде жалғастыруда. Жаһандану процесі мен үлкен бәсекелестік, ірі компаниялардың «Кайдзен» технологиясын енгізуіне себепші болды. BI Group компаниясы әлемдік үрдістерді ескере отырып, Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Lean-технологияны енгізді, бұл қазірдің өзінде бизнестің пайдалылығын оңтайландыруда оң әсерін беріп келеді. KAZPACO дивизионының бас директоры Дулат Кутербеков өз сөзінде айтып өткендей: «Барлық өндірістік үдерістерді басқару жүйесін жақсарту үшін және оның тиімділігін арттыруға қол жеткізу үшін үлкен инвестицияның орнына ақыл-ойды да пайдалана білу керек».



Өткен жылдан бастап компания өз бизнес-серіктестерінің, яғни мердігер ұйымдардың бағдарламасына кірісіп, стратегиялық маңызды қадам жасады. Қазірдің өзінде оның өкілдері BI Group-тың Корпоративтік университеті үшін арнайы әзірленген басқарушылық және инженерлік бағдарламаларды белсенді оқуда.

Сонымен қатар, қатысушылар контрагенттерді қайта квалификациялау шарттарымен, тендерге қатысу тәсілдерімен танысты. Спикерлерге де көптеген сұрақтар қойылды: тендер шарттары мен форматы, өндірістегі зертханалық сынақтар, сапаны бақылау, жобалау-сметалық құжаттамадағы бірыңғай стандарттар. Әрбір сұраққа BI Group-тың білікті мамандары жауап берді.



«Күн сайын, біз, құрылыс саласының аса қарқынмен дамып жатқаны туралы көптеген ақпарат аламыз. Бұл біздің озық технологияларды игеріп, әр күн сайын алға қарай ұмтылуымыз керек екенін білдіреді. Міне, бүгін біздің сандық технологияларды, BIM-жобалау мен 3D-басып шығаруды игеріп жатқанымыз да сондықтан. Біз сұранысқа ие болғымыз келеді!», - деп атап өтті компания басшысы.

Кезекті рет, ашық диалог компанияның бизнес-серіктестері арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсті. Сенімді серіктестер – бірлескен табыстың кепілі. Сенімді қарым-қатынастың арқасында компания еліміз үшін маңызды болып табылатын бірегей, табысты жобаларды жүзеге асыра алды және 2021 жылы әлемнің ТОП-100 әлемдік құрылыс компанияларының қатарына кіруді компания алдына мақсат етіп қойды.

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: