Лента новостей
0

Тараздық студенттер табиғи қуат көздерін жылыжай өнеркәсібінде қолданбақ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.05.2017 17:11 Zakon.kz
Бұл жоба институт зертханасында сынақтан өткізіліп, студенттер емдік шөп өсіру және оны өңдеуге болатындығын дәлелдеген.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері баламалы қуат көздерін қолдана отырып жылыжай өнеркәсібін дамытуды көздеп отыр, деп хабарлайды zakon.kz, оқу орнының ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан берген ақпаратқа сүйеніп.

Өмірбек Бақытов, Медет Мейірхан және Лесбек Садықов биогаз, күн және жел энергиясын өндіретін арнайы қондырғы арқылы жылыжайда дәрілік өсімдіктер мен түрлі фитошәйлер өсірмек.

– Жел энергиясының келешегі зор. Экологиялық тұрғыдан таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, арзан әрі тиімді. Күн – энергияның аса қуатты көзі. Оның сәулесі аспан денелерін қыздырып, тіршілікке жарық пен жылу береді. Мәселен, күн секундына жүздеген миллион ядролық бомбаның жарылысына тең энергия бөліп шығарады. Ал, биогаз әлемдік энергоресурстардың оннан бірін құрайды. Қуаттың бұл түрін өндіру технологиясы өте қарапайым. Биогазды үй радиаторларын жылытуға, дән кептіруге, көліктердің жану отыны ретінде пайдалануға болады. Құрамы жағынан биогаздың табиғи газдан айырмашылығы аз, – дейді жоба авторлары.



Айтуларынша, жылыжай өндірісінде баламалы қуат көздерін пайдаланып, жаңа технологияларды қолдану өнімділікті едәуір жоғарылатуға ықпал етеді. Бүгінде адамзаттың энергияға кажеттілігі жыл сайын артуда. АҚШ, Қытай, Германия, Жапония сияқты елдер өздерінің энергетикалық қуат құрылымдарына дәстүрлі емес энергия көздерін енгізуде. Бұл тарапта арнайы мемлекеттік бағдарламалар да қабылдануда. Қазақстанның климаттық жағдайы күн қуатын пайдалануға қолайлы. Елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 миллиард киловатт-сағатты құрайды. Бұл тараздық жас ғалымдарды жаңа жобаларды іске асыруға мол мүмкіндік береді.

– Энергия жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы – оны үнемдеу. Қазіргі күнде әлем жұртшылығы электр қуатын жаппай үнемдеу қажеттілігіне ерекше назар аударуда. ТарМПИ студенттері жасаған қондырғы жеткілікті мөлшерде қуат өндіретіндіктен, энергияны айтарлықтай үнемдейді. Біз бұның отандық экономика дамуының маңызды аспектісі ретіндегі тиімділігін айқын көріп отырмыз, – деп атап өтті жоба авторларының ғылыми жетекшісі, Химия-биология факультетінің оқытушысы Рустам Үкібаев.

Бұл жоба институт зертханасында сынақтан өткізіліп, студенттер емдік шөп өсіру және оны өңдеуге болатындығын дәлелдеген.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: