Лента новостей
0

Алматыда кәмелетке толмаған екі бала адам шошырлық жағдайда өмір сүріп жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.05.2017 18:37 Zakon.kz
45 жастағы әйел ата-ана құқығынан айырылып қалуы мүмкін.
Алматыда үй емес, кір-қоқыс толы «қорада» тұрып жатқан жеткіншектер анықталды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Есепке алу» жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде Алатау ауданы ювенальды полициясының инспекторлары адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқан отбасыны анықтады. 7 мен 10 жасар екі баласы бар 45 жастағы әйел балаларын материалдық жағынан қамтамасыз етпек түгілі, бала тәрбиесімен мүлде айналыспайды, олардың бос уақытын қалай өткізетінін де қадағаламайды екен.

«Балалар адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр. Үйдің іші адам шошырлық, сыз тартып тұр, жағымсыз иіс шығады, уақытында ақшасын төлемегені үшін жарық жоқ. Үйдің ауласы одан бетер, әр жерде шашылған балалардың заттары, түкке қажетсіз ескі-құсқы бірдеңелер, айнала қоқыс. Ешқандай тазалық, бақылау жоқ. Әйел балаларына тамақ дайындамайды, кір де жумайды. Мұның себебін сұрасақ, ақталып, бәрін дұрыстауға уәде беремін деп қайталаудан әрі аспайды. Әрине, жалғызбасты аналарға балаларын өсіріп жеткізу қиын, бірақ мына жағдай шектен шыққандық, мұндайды кешіруге болмайды», - дейді Алатау ауданы ІІБ ЖПҚ басшысы полиция полковнигі Нарқозы Баймұратов.

Әйелге ҚР ӘҚБК 127-бабы «Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамауы» бойынша хаттама толтырылды. Әкімшілік өндіріс материалы балаларлды жазғы сауықтыру лагеріне жіберу үшін Алатау ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау ведомствоаралық комиссиясында қаралады.

45 жастағы әйел ата-ана құқығынан айырылып қалуы мүмкін.

Фото: Baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: