Лента новостей
0

Мәншүк Мәметованың ескерткіші астынан хат табылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.05.2017 18:51 Zakon.kz
БҚО тарихи-мәдени мұра инспекциясының директоры Талғат Жүсіпқалиевтің айтуынша, ескерткішті зерттеу жөніндегі комиссия оның бүлінгенін және техникалық дефектілері бар екенін анықтаған.
Оралда қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың ескерткішін демонтаждау кезінде өткен ғасырда жазылған хат табылды, деп хабарлайды Baq.kz "Уральская неделя"-ға сілтеме жасап.

Кеше Оралда Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткіші орнынан алынды. Енді оның орнына құны 138,5 миллион теңге болатын жаңа ескерткіш орнатылады. Авторы Нұрлан Далбай болып табылатын жаңа компазияциялық мүсіннің атауы "Қазақтың батыр қыздары" .

Мәншүк Мәметованың ескерткіші Оралдағы алаңда 30 жыл тұрған. Жұмысшылар ескерткіш орналасқан жердегі гранит плиталарды жинау жұмыстарын жүргізген кезде ескерткіштің астынан бөтелке тауып алған. Оның ішінде хат болған екен. Хатта Мәншүктің ескерткішін орнатушылардың есімдері жазылған.

БҚО тарихи-мәдени мұра инспекциясының директоры Талғат Жүсіпқалиевтің айтуынша, ескерткішті зерттеу жөніндегі комиссия оның бүлінгенін және техникалық дефектілері бар екенін анықтаған. Содан кейін ескерткішті реставрациялау туралы шешім шыққан. Басылымның мәліметінше, Мәншүктің бұл ескерткіші БҚО-дағы Бөкей ордасы немесе Жәнібек ауданына жөнелтіледі.

Фото: Baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: