Лента новостей
0

«Өскемен-Риддер» тасжолы аралығында газель көлігі өртеніп кетті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.05.2017 16:22 Zakon.kz
Зардап шеккен тұрғындар жоқ.
«Өскемен-Риддер» тасжолындағы Козлушка тауына көтерілер маңда келе жатқан Газель көлігі кенеттен түтіндеп кеткен. Екпінді желдің салдарынан көлік отқа оранды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түтін шыға бастаған сәттен-ақ көлік жүргізушісі Газельді тоқтатып жолдың жиегіне шығарады. Капотты ашқан кезде түтінге соққан қатты желдің кесірінен от шоғы лаулап көлікке жалмай бастаған. Жолдың сол бойында телефон желісі ұстамағандықтан жүргізуші көлігін өз күшімен сөндіруге кіріседі. Жолай кетіп бара жатқан жүргізушілер де бей-жайлық танытпай оған көмек қолдарын созған. 4 өртсөндіру құралын қолданған олар тілсіз жауды ауыздықтай алмапты. Тек қана куәгерлердің хабарымен келген өрт сөндіру қызметкерлері ғана өртті толықтай залалсыздандырды.

– Өрттің жалпы аумағы 2 шаршы метрді құрады. Зардап шеккен тұрғындар жоқ. Оттың шығу себебі өрт қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз қолданудан болуы ықтимал, – дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Талғатжан Мұхамадиев

Фото: Бұқара.кз
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: