Лента новостей
0

Ақтөбелік мамандар зиянкестермен күресті ресейлік әріптестерімен бірлесе жүргізеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.05.2017 17:45 Zakon.kz
Биыл 220 мың гектар аумақты дәрілеу жоспарда бар.
Ақтөбе облысында шегірткемен күрес басталып кетті. Зиянкестердің алғашқы ошақтары 11 мамыр күні өңірдің оңтүстік аудандарында байқалған, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Биыл 220 мың гектар аумақты дәрілеу жоспарда бар. Жалпы 3 млн 566 мың гектар жер жіті зерттеледі.

Зиянкестерді жою,көршілес Орынбор облысымен бірлесе жүргізіледі. Осыған орай Ақтөбеде екі-жақты көшпелі семинар өтіп, шегірткелерге қарсы күрестің жаңа әдістері талқыланды. Далалық және ормандық өрттердің алдын алу жолдары да қаралды.

Жиын барысында зиянкестерді жоюға арналған техника – аэрозоль генераторлар, жеңіл авиация түрлері таныстырылды. Ақтөбелік мамандар маусымға толық дайын екенін жеткізді. Қазірдің өзінде 8 ауданда жұмыс басталып та кетті.

Орынборлықтар да Ресейден келетін шегірткені шекарадан асырмай, дер кезінде көзін құртамыз деп отыр.

Мұхтар Жұмағазиев, облыс әкімінің орынбасары:

- Ресей жақтан қауіп бар деп мен айта алмаймын. Жоқтың қасы. Ұйымдастырып, жұмыс жасағанның арқасы азайды. Мысалы мына Мәртөк ауданын алатын болсақ, небәрі 200 гектар. Бұрын оның көлемі 10 есеге дейін көп болатын.

Фото: 24.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: