Лента новостей
0

БҚО-да перзентханадан шыққан сәби көз жұмды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.06.2017 15:30 Zakon.kz
Қазталовтан кейін Жәнібек ауданы аумағында сәби үзіліп кеткен.
Батыс Қазақстан облысында перзентханадан шыққан сәби көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Орал қаласындағы педколледжде оқитын А. есімді 1998 жылғы студент (негізгі тұрғылықты жері - Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылы) облыстық перинаталдық орталыққа 6 маусым күні 2 сағат 20 минутта жедел жәрдеммен түскен.

8 маусым күні босану бөліміне ауыстырылып, сол күні 17 сағат 45 минутта салмағы 3 кг, бойы 50 см қыз бала дүниеге келген. Дәрігерлердің бақылауында болып, кеңес алған А. 10 маусым күні сағат 16.00-де сәбиімен бірге қанағаттанарлық жағдайда туыстарының қатысуымен үйіне шығарылған. Оқиғадан хабардар адамдардың айтуынша, жас ата-ана (екеуі де студент) бір күннен кейін сәбиімен бірге автокөлікпен Бөкей ордасы ауданындағы Мұратсай ауылына жету үшін алыс жолға шыққан.

Алайда жолшыбай жаңбырға тап болып, көліктері батып, жол ұзара түскен. Қазталовтан кейін Жәнібек ауданы аумағында сәби үзіліп кеткен. Алдын ала мәліметке қарағанда, сараптама қорытындысына сәйкес нәресте құсығына тұншығып қалған. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Айта кетейік, Бөкей ордасы ауданы облыс орталығынан бес жүзден астам шақырым қашықтықта жатыр. Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылынан шыққаннан кейін қатқыл табанды жол жоқ. Жауын-шашынды, лайсаң күндері митыңдап оншақты сағатқа дейін жол жүруге тура келеді.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: