Лента новостей
0

Азаматтық авиация комитеті Астана әуежайының кодын өзгерту жөнінде IATA-мен келіссөзді бастады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.06.2017 23:04 Zakon.kz
«IATA-мен келіссөздер жалғасуда.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) КСРО дәуірінен бері ауыспай келе жатқан Астана және Қазақстанның өзге де қалаларындағы әуежайлар кодын өзгерту жөнінде келіссөздерді бастады. Бұл туралы Elorda.info сайтына Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев хабарлады.

«Әлеуметтік желілерде Астана әуежайына бекітілген TSE кодын жаңа белгіге ауыстыру жөнінде көптеген ұсыныстар айтылып жатыр. Түрлі нұсқалар бар, мысалы- NIA (Nazarbayev International Airport), NNA (Nursultan Nazarbayev Airport) немесе NAN. Қазір біз IATA-мен келіссөз жүргізіп жатырмыз.

Бірақ бұл мәселе бір күнде шешіле қоймасы анық. Өйткені жаңа код беру оңай шаруа емес. Біріншіден код бәріне бірдей жете бермейді (түрлі мемлекеттерден өтініштер өте көп), екіншіден кодтың ауысуына байланысты бүкіл брондау жүйесіне және анықтама бюросына өзгеріс енгізу керек. Оның үстіне IATA кодты бір рет береді және негізсіз өзгертпейді » деп атап өтті комитет төрағасы.

Талғат Ластаевтың айтуынша осы күнге дейін IATA-ға код ауыстыру жөнінде бразилиялықтар өтініш түсірген. Бірақ, жаңарып кеткен ештеңе жоқ, Рио де Жанейро әуежайының коды әлі күнге дейін- GIG. Сол скілді өзге әуежайлардың да коды өзгере қоймаған. Мысалы, Санкт-Петербур әуежайы – LED (Ленинград), Бішкек – FRU (Фрунзе), Мумбай – BOM (Бомбей).

Дей тұрғанмен Қазақстан 4 әуежайдың кодын өзгерту бойынша келіссөзді жалғастыра бермек. Олар: Гурьев GUW атауымен жүрген Атырау, Джамбул DMB-Тараз, Шевченко SCO-Ақтау.

«IATA-мен келіссөздер жалғасуда. Егер 4 әуежйдың кодын түгел өзгерте алмасақ та, Астана әуежайының кодын ауыстырамыз деген үміттеміз» дейді Т. Ластаев.

IATA коды-Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы белгілейтін үш әріпті ерекше идентификатор. Бұл код штаб-пәтері Монреалде орналасқан IATA-ның арнайы резолюциясына сәйкес бөлінеді. IATA әуежайлар кодын авиакомпаниялар, авиабилет сататын, компьютерлік жүйе арқылы билет брондайтын агенттіктер, өзге де мүдделі ұйымдар әуе арқылы жолаушылар тасымалдау кезінде коммерциялық қызметті ұйымдастыру үшін ақпарат алмасу түрінде пайдаланады. IATA-ның қолданыстағы кодтар тізімі жылына екі рет басылып шығады және IATA реси сайтында жарияланады.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: