Лента новостей
0

Қарағандылық полицей демалыс ақысына жетім балаларды қыдыртты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.06.2017 16:49 Zakon.kz
Полиция қызметкерінің басшылығы оны қолдап, балалар автобусын ойын-сауық паркіне дейін алып жүрді.
Қарағанды ІІБ Жергілікті полиция қызметі жол-патрулдік полиция полкінің аға сержанты Саламат Темірбаев қасиетті Рамазан айында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қыдырту үшін өзінің еңбек демалыс ақысын жұмсады, деп жазады sputniknews.kz.

Аға сержант кезекті жазғы демалысын асыға күтіп, Қазақстанды араламақшы болған екен.

Алайда балалар үйінің қасынан өтіп бара жатып, жетімдерді, жарымжан балаларды көреді. Өзі жақында екінші рет әке атанғандықтан, ата-анасыз қалған балаларды қуантқысы келіпті.

"Ата-аналарымен бірге теңізге демалуға бара алмайды. Олар анасын ешқашан көрген емес, жақындарының мейіріміне бөленген жоқ, өскен орталарының қатал тұстары да кездесіп жатады. Бейтаныс адамның тарапынан оларға қуаныш, адамдарға деген сенім сыйлағым келді. Демалыс ақым – аз да болса, балаларға деген көңілім", — дейді Саламат Темірбаев.

Көп ойланбастан, полицей балалар үйінің басшылығымен танысып, балалардың паркте қыдырып, балмұздақ жеу арманын орындаған.

Фото: sputniknews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: