Лента новостей
0

Астанада Димаштың концертіне қалай жетуге болады?

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.06.2017 22:56 Zakon.kz
Көрермендер көліктерін «Астана Арена» стадионының, «Сарыарқа» велотрекі, «Алау» СС тұрақтарына, сондай-ақ қажет болған жағдайда «Барыс Арена» тұрағынақоя алады.
27 маусым сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында» Димаш Құдайбергеновтің концерті өтеді. Димаштың концерті өтетін күні стадионға дейін қоғамдық көліктің 8 бағыты бойынша жетуге болады: № 10, 12, 27, 37, 40, 51, 53, 506. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы жариялады.

27 маусым 18:00-ден төрт нүктеден: «Қазақстан» СК тұрақтарынан, «Нұр Астана» тұрақтарынан, елордалық циркжәне «Жастар» сарайы алдындағы тұрақтарынан көрермендерді «Астана Аренаға» дейін арнайы рейстермен (шаттлдармен) жеткізеді.

Арнайы рейс автобустарының жолақы бағасы 90 теңге болады, жол жүру билеттері жарамсыз.

Концерттен соң қалаға сол шаттл мен автобус рейстері - № 10, 12, 27, 37, 28, 40, 51, 53 арқылы жетуге болады. Қоғамдық көлік стадион тұрағынан және «Астана Арена» аялдамасынан Қабанбай батыр даңғылы бойынша жүреді.

19:00-ден концерт аяқталғанға дейін Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарында Жәнібек, Керей көшесінен Ұлы дала көшесіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысына шектеу қою жоспарлануда.

Көрермендер көліктерін «Астана Арена» стадионының, «Сарыарқа» велотрекі, «Алау» СС тұрақтарына, сондай-ақ қажет болған жағдайда «Барыс Арена» тұрағына қоя алады.

Фото: YouTube
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: