Лента новостей
0

Нью-Йоркте гей-шеруге қатысушылар неліктен қазақша киініп, Қазақстан туын ұстап жүрді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.06.2017 23:21 Zakon.kz
Қазақстанның туын Алла және Виктория есімді қыздар көтерген.
Нью-Йорк қаласында жексенбі күні жыл сайынғы дәстүрлі гей-шеру өтіп, ол жерде Қазақстан туын ұстаған адамдар да назарға ілікті. Әсіресе қазақша киінген қоңырқай өңді жігіт журналистердің назарын аударды. Шыққан тегі ямайкалық Лерой Терелонг бір жылдары Алматыда ағылшын тілінен дәріс беріпті. Бұл туралы stan.kz, Би-Би-Си Орыс қызметі жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

“Мен қазақстандық достарымның өз елінде жүріп кемсітушілікке ұшырағанын өз көзіммен көргенмін. Сол себепті достарымды қолдау үшін осында келдім”, – дейді ол.

Ал белсенділердің бірі Александрдың айтуы бойынша, ол біздің ел адамдарының назарын аудару үшін қазақстандық туды ұстап өтіпті.

“Қазақстан туралы ешкім ештеңе айтпайды! Онда 16 миллион адам өмір сүреді. Қай жерде де ЛГБТ өкілдері болса да, ол туралы ешкім жақ ашпайды. Қазақстан – мұсылман елі, ондағы ЛГБТ проблемасы Украинадан да нашар. Бізде үнемі өз отбасымызда, өз жұмысымызда жүргенде ішкі қорқыныш болады”, – дейді ол.

“Маған бұл киімдерді Қазақстаннан достарым жіберген. Мен бұларды осы жерден сатып алған жоқпын. Менің гетеросексуалды достарым да ЛГБТ-ны қолдайды. Бәрі соншалықты қорқынышты емес. Мен олардың қаншалықты назарын аудара алсам, өзге адамдар да соншалықты тез үйренісіп кетеді”, – деді ол.

Ал Қазақстанның туын Алла және Виктория есімді қыздар көтерген.

“Мен бұл жыныстық ұстанымның қалыпты нәрсе екенін көрсеткісі келген достарымды қолдаймын. Бұл жағдай тек осында ғана емес, барлық жерде қалыпты саналуы керек. Былтыр бір қыз біздің туды ұстап шығып еді, бәрі оған жабылып кетті. Ол өте батыр қыз екен. Ол ондай кемсітушілікті күткен жоқ”, – дейді қыздар.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: