Лента новостей
0

Алматылық жігіт автобуста көріп, ұнатқан бейтаныс қызды 5 жылдан кейін іздеп тапты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.06.2017 15:23 Zakon.kz
Ильяс «алып қашу» дәстүріне қарсы. Сол себепті ата жолымен келісім арқылы отбасын құру ниетте.
Махаббаттағы шытырман оқиғалар мен жан тебірентерлік мелодрамаға бергісіз жайттар тек кинода немесе шетелдік телесериалдарда ғана десек қателесеміз сірә. Сөзімізге алматылық жас жігіттің автобуста көрген сұлуды 5 жылдан соң іздеп тапқаны дәлел6 деп жазады "Еуразия" бірінші арнасы.

Ілияс Есдәулет Жансая есімді сұлуды қалай тапты? Ол үшін қандай әрекеттерге баруға тура келді? Бастысы – олардың ендігі тағдыры қалай болмақ?

Әлеуметтік желілерде желпіндірген мына бейнежазбада 28 жастағы Ілияс Есдәулет 24-тегі Жансая Нармаханмен араға 5 жыл салып алғаш кездесті. Бұл сәтті Ілияс көп күткен. Ерекше тосынсый әзірлеп, бәрі есте қалу үшін бейнекамераға түсіріп алған. Кейін ғаламторға жариялап, олардың жұлдызды сәті басталды.

«Мне звонят, тебя тут ищут. Я говорю что случилось».

Кездесуден кейін Ілияс аяқасты 1 аптаға демалысқа кетіп, телефоны сөндірулі болды. Ал, өзі салған бейнежазба ғаламторда қызу талқыға түсіп, көптеген жандардың қызығушылығын оятқан. Сол бір ең алғашқы кездесуден кейін Жансаяның әмияны жоғалып, ішінде Ілияс жазған хат болған.

Тапқан адам сол арқылы төлқұжаты бар әмиянды Ілиясқа берген. Бойжеткеннің сонша жыл өзі жазған бір тілім хатты сақтап жүргені жүрегінің үміт отын оятыпты.

«На протяжении трех-четырех месяцев хоть она и не звонила, но она держала эту бумажку в портмоне».

Ілияс «медицина университетінде оқимын, сабағым қиын» деп кездесуден бас тартқан қызды сол жақтан талай мәрте іздеген, бірақ таппаған.

«Почему я ее не нашел. Оказывается, она училась в Инязе».

5 жыл бойы Жансаяның төлқұжатын сақтап жүрген ол, өткен айда оны қайта іздеп көруге тырысып, әлеуметтік желіден тауып, кездесуге шақырған.

«При встрече она мне сказала ты наверное мой ИИН наизусть знаешь, я сказал поверь мне нееет».

Ильяс соңғы 5 жылда өміріңде болған қызық жайтты айтшы дегенде осы оқиғаны есіне алып жүрген. Алайда, бұл оның осы уақыт бойы басы бос болды дегенді білдірмейді.

«Әрине, жасыратыны жоқ, мен осы уақыт бойы жалғыз жүрдім деп айта алмаймын. Жаныңда ұнататын адам бар болғанда, өзгені ойлау сатқындық деп білемін. Бірақ жүрегім бос болған кездерде үнемі іздеп көруге тырысатынмын. «Үмітсіз шайтан» дегендей» — Ілияс Есдәулет.

Бүгінде жастар бір-бірін жақынырақ танып-білу үстінде. Екеуі де Димаш Құдайбергеннің талантына тәнті екен. Бірге ән кешіне баруды жоспарлауда.

«Қағаз қалдырып, кездесуге шықырғаным – менің таңдауым. Ал, оны 3 ай бойы сақтап жүру – оның таңдауы. Ал, құжатын алып, 5 жыл бойы сақтап, өзін іздеп табу тағы да менің таңдауым болды. Сондықтан мен ойлаймын, бұл – біздің ортақ таңдауымыз. Әрі қарай не болатынын Жаратқан біледі. Жақсылықпен аяқталады деген үміттемін» — Ілияс Есдәулет.

Ильяс «алып қашу» дәстүріне қарсы. Сол себепті ата жолымен келісім арқылы отбасын құру ниетте.

Фото: stan.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: