Лента новостей
0

Қазақстанда іздеу жарияланған 9 сотталушы ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.06.2017 20:13 Zakon.kz
Ұсталғандар бірден қамауға алынды.
«Шартты» республикалық профилактикалық іс-шарасы аясында бес күн ішінде іздеу салынған тоғыз сотталушы ұсталды, деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі. Криминалдық полиция мен жергілікті полиция қызметінің бөлімшесімен бірлесе отырып 2016 жылдан бері іздеуде жүрген 9 сотталушыны ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Қарағанды облысында үш жағдай және Ақтөбе, ШҚО, ОҚО, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Астанада бір оқиға тіркелді. Ұсталғандар бірден қамауға алынды.

Қоғамнан оқшауламау арқылы жазаға тартылған 25 мың сотталушы мекенжайы бойынша тексерілді, соның ішінде жазасын өтеу тәртібі мен шартын бұзған 500 жағдай анықталды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша шартты айыптау мен жазасын өтеу мерзімін кейінге шегеруді алып тастау, сондай-ақ пробациялық бақылау мерзімін ұзартуды бас бостандығынан айыру жазасына алмастыру туралы материалдар сотқа жіберілді.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: