Лента новостей
0

Репрессия ауыртпалығын көрген қазақ суретшісінің тұңғыш жеке көрмесі өтеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.07.2017 17:37 Zakon.kz
Өмірдің ауыр сынағы суретшінің тағдырына салқынын тигізіп, өзінің көркемдік әлеуетін толықтай көрсете алмастан өмірден ерте кетті.
Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде республикамыздағы бейнелеу өнерінің қалыптасуына атсалысып, өзінің үлкен талантымен және еңбегімен үлес қосқан Қожахмет Қожықовқа арналған көрме ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрме жетекшісі Галина Сырлыбаеваның айтуынша, «Беймәлім Қожахмет Қожықов. 1910-1953» атты бірегей көрме саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына да арналады. Суретшінің бірінші рет ұйымдастырылып отырған жеке көрмесінде музей қорынан және жеке коллекциялардан алынған 70-тен астам туынды көрермен назарына ұсынылады. Суретшінің өмірі ұзақ болмағанымен, ол маңызды да мәнді оқиғаларға толы болды. Қожахмет Қоңғырқожаұлы Қызылорда қаласында дүниеге келді.

Әкесі - Қоңырқожа, мұғалім, анасы - Ләтипа, халық шебері, балаларының шығармашылық ынта-талаптарын мейлінше қолдап отырды. Қожахмет те, қалған үш інісі де өнердің барлық түрінің дамуына зор үлес қосып, республикадағы белгілі суретші, кинорежиссер, мүсінші болды. Қожахметтің дарыны өте ерте байқалды.

1926 жылы мектеп бітірген ол бірден Қазақстан Халық ағарту комиссариатынан Мәскеудегі Бүкілодақтық көркемсурет-техникалық шеберханалар жанындағы курсқа жолдама алады. Осы жылдардағы астанада өткен көркемдік өмір ерекше қызу қарқынмен өтті. Қ. Қожықов еңбек жолын әрі график, әрі кескіндемеші болудан бастайды, баспаларда қызмет етеді, балалар кітаптары мен театр спектакльдерін безендіреді, өзекті тақырыптарға карикатуралар салады, бейнелеу өнері техникумында сабақ береді. Өлең жазады. Жаңа заман, жаңа дәуір тынысы 1935-1937 жылдары салынған акварельдер топтамасында көрініс тапты.

1930-жылдарға тән тақырып әбден сарапталып болса да, суретші осы тақырыпты жаңа қырынан аша білді. Ол еңбек процесінің ырғағына жауап беретін ерекше экспрессивтік мәнерде шешілді, ал айрықша түстік үйлесім - сенімді қолдан шыққан динамикалық сарғыш-қызғылт, сары және түрлі реңктегі көгілдір бояулар адам баласының жер бетіндегі болмысының артықшылығын білдіреді. Суретші 1937 жылы тұтқындалып, 10 жыл Поляр аймағына айдалып, шығармашылық белсенділігі үзіліп қалды. Ол 1943 жылы Алматыға денсаулығынан айрылып, өте ауыр халде оралады. Солай болса да, жұмысқа кірісіп, сол кездегі барлық көрмелерге белсене қатысады.

Иттері артынан еріп, отарлы қойын бағып жүрген шопандар, атта отырған кісілер акварельдердің туындауына шабыт көзі болған. Өмірдің ауыр сынақтарына қарамастан, ондағы түстер де бұрынғыдай сеніммен өршіл үн қатады, күн шапағы парақ бетіне түгелдей шашырай түскен. Суретшінің қылқаламы да жігерлі, шығармашылық тәсілдің қуаты мен мәнерлілігі де сақталған.

Қожахмет Қожықов тамаша суретші болды. Образды жасағанда, артық сызық болмайтын. Өзінің композициялық шешімін де анық көрсетіп, адам мен жануардың мүсінін де, қоршаған ортаны да аса дәл сызықтармен бейнелеген суретшінің жарыққа шықпаған болашақ кескіндемелік композицияларының қарындашпен салынған нобайлары болар, бірдей форматтағы бірнеше суреті сақталып қалған.

Өмірдің ауыр сынағы суретшінің тағдырына салқынын тигізіп, өзінің көркемдік әлеуетін толықтай көрсете алмастан өмірден ерте кетті.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: