Лента новостей
0

Екібастұздағы бес қабатты үйде өрт шығып, зейнеткер ауруханаға жеткізілді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.07.2017 17:49 Zakon.kz
Кеше 16:04 минутта кезекші бөлімге өрт туралы хабарлама келіп түскен.
Екібастұзда бес қабатты үйдің үш бөлмелі пәтерінде өрт шығып 76 жастағы әйел жарақаттанып, тағы үш зейнеткер эвакуацияланды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше 16:04 минутта кезекші бөлімге өрт туралы хабарлама келіп түскен.

- Өрт Горняков көшесі, 19 мекенжайында орын алды. 15 шаршы метр қызыл жалынның астында қалды. Үш адам эвакуацияланып, екі адам құтқарылды. 16:26 минутта от өшіріліп, 16:40 минутта тілсіз жау толықтай ауыздықталды. 1941 жылы туған әйел адам газбен уланып, ауруханаға жеткізілді. Өрттің себебі мен шығыны анықталуда, - деді ТЖД.

Думан Асқарбек

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: