Лента новостей
0

Павлодар облысында соңғы бес жылда өндірісте 87 адам қаза тапты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.07.2017 18:47 Zakon.kz
90%-дан астам оқиға Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында орын алған.
Павлодар облысындағы өндіріс орындарында соңы бес жыл ішінде 87 адам қайтыс болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы хабарлады.

Жұмыс берушілердің еңбек жағдайын жақсартуға ниет білдірмеуі, жұмыскерлердің құқықтық және техникалық сауатсыздығы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері болып табылады. Адамның жұмыс басында жарақат алуы, қаза болуы және мемлекет тарапынан жұмсалатын экономикалық шығындар өндірістік жарақатқа жатады.

Соңғы бес жыл ішінде Павлодар облысында өндірісте 87 адам қаза тапты. 2016 жылы өлім-жітіммен аяқталған жазатайым жағдайларының тіркелген жоғары саны-27 (2015 жылы – 9). Соңғы екі жылдың талдауы көрсеткендей (2015 және 2016 жылдар) өндірісте жарақат алу 7 % өскен. Индустриялы орталық бола отырып, Павлодар облысы өндірістегі жазатайым жағдайлар саны бойынша алдыңғы қатарда тұр. Егер 2016 жылы зардап шеккендердің саны 2015 жылмен салыстырғанда республика бойынша 2 307-ден 1 683-ке дейін төмендесе, аймақ бойынша 164-тен 191 дейін артты.

Тексеру барысында жұмыс беруші жұмыскер алдындағы жауапкершілігін шектету үшін түрлі тәсілдерді қолданатыны белгіленді. Әсіресе, жазатайым жағдайлар кезінде, қызметтерді көрсетудің «жалған» шарттары немесе мердігерлік жұмыстар ұсынылады. Бұндай мәмілелер еңбек қатынастарының туындауына және жұмыс берушілер үшін «сырқаттану парақтарын» төлеу, кәсіби сырқаттануларды төлеу салдарына жол бермейді. Осылайша, 2015 және 2016 жылдары тоқтатылған 24 қылмыстық істің 8 жағдайында жұмыс беруші мен жұмыскер арасында еңбек шарты жасалмаған.

90%-дан астам оқиға Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында орын алған. Зардап шеккендер көбінесе «ТНК «Қазхром» АҚ-АЗФ, «Қазақстан Алюминий» АҚ, «KSP Steel» ЖШС ТПФ, «Кастинг» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «ЕЭК» АҚ-да тіркелді. Бірнеше жыл бойы аталған ұйымдарда уәкілетті орган тарапынан кешенді тексерулер жүргізілмеген.

Өткен жылдың желтоқсанында прокуратура уәкілетті мемлекеттік орган қызметіне тиісті талдауды жүргізді. Талдау нәтижелері көрсеткендей, мемлекеттік еңбек инспекторлары өндірістік жарақат алу деңгейін төмендету бойынша шара қолданбайды және уәкілетті органның қызметін мұқият зерделеуге негіз болып отыр. Еңбек басқармасы басшысының парамен ұсталу жағдайы осы салада қалыптасқан жағдайлардың шынайы себептерінің жасырылуын дәлелдейді.

Өндірістегі жазатайым жағдайлар туралы медициналық мекемелердің еңбек инспекциясына хабарламауының 200 астам фактісі анықталды. Сотқа дейінгі 162 тергеудің басым бөлігі қылмыс құрамының болмауына байланысты тергеушілермен тоқтатылды. Ал сотқа 4 іс қана жіберілді (2015 және 2016 жылы 2 істен). Тексеру барысында прокуратура қылмыстық істі тоқтату туралы осындай 8 шешімнің күшін жойды. Осындай амалды қолдану себептерімен прокурорлар талдау жүргізуде, бірақ істі зерттеуге тергеудің дайын еместігін қазірдің өзінде айтуға болады. Осыған байланысты, прокуратураның нұсқауы бойынша, ішкі істер органдарында осы санаттағы істерді зерттеу жөніндегі тұрақты жедел-тергеу тобы құрылды. Облыс прокуратурасы қазіргі уақытта осы нормаларға өзгерістерді енгізуге бастама болып, прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: