Лента новостей
0

ОҚО-дағы жаушықұмдық жастардың жоспары көп

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.07.2017 21:43 Zakon.kz
Жалпы аудан бойынша диқаншылықпен шұғылданып, табыс тауып жүрген жастар қатары аз емес.
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылының жастары үшін жұмыссыз қарап жату деген жат тірлік. Әсіресе, диқаншылықты жанына жақын тұтқан жас жігіттер қыс аяқталысымен-ақ егістік алқапқа шығып, қарекетке кіріседі, хабарлайды Zakon.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.




Биыл ауылдағы 15 белсенді жас өзара бірлесіп, егіс бригадасын құрды. Сөйтті де теңіз жағасындағы бос жатқан жерді жыртып, жамылғы астына қарбыз екті. Нұрсұлтан Есенбеков бастаған белсенді жастар бригадасы кешегі аптада алғашқы өнімді жинап, сатылымға шығарды.



«Біраз жылдан бері қарбыз егумен айналысып келеміз. Тер төге білсең – жер ана несібесін аямайды. Біз өнімді сапалы әрі ерте шығаруға тырысамыз. Сондықтан болар қарбызымызға сұраныс жақсы. Өзбекстандық Рустам Мамедов есімді азамат жыл сайын тұрақты алушымыз. Ол бізден сатып алып, ары қарай Ресейге жол тартады. Биылғы табысымызға кәсібімізді одан әрі дамыту жоспарымыз бар. Алдағы уақытта ауылдан жылыжай ашып, қызанақ, қияр секілді өнімдермен тұрғындарды қамтамасыз етсек деп отырмыз», - дейді Нұрсұлтан Есенбеков.



Жалпы аудан бойынша диқаншылықпен шұғылданып, табыс тауып жүрген жастар қатары аз емес. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бауыржан Шомпиевтің мәлімдеуінше, аудан әкімінің 2017-2020 жылдарға арналған «Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану» жөніндегі іс-шара жоспары бар. Осы жоспар бойынша жастармен тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.



Биылғы жылы аудан бойынша 94 жас өзін-өзі жұмыспен қамтып, диқаншылықпен шұғылданып жатыр. Олар 464 гектар алқапқа түрлі дақылдар еккен. Бүгінгі таңға дейін осынау белсенді жастар 800 тоннаға жуық бақша дақылдарын жинап, сатылымға шығарды. Жұмыстың көзін тапқан аудан жастары ары қарай да мемлекеттен жеңілдетілген несиелер алып, кәсіпкерліктерін дөңгелетпекші. Жалынды жастардың бұл әрекеттеріне аудан басшылары әрдайым қолдау көрсетіп отырмақ.


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: