Лента новостей
0

Мемлекеттік тіл заң саласында

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.07.2017 21:31 Фото: zakon.kz

Мемлекеттік тіл заң саласында

 

Қазақ тілінің мәртебесін арттыру - біздің міндетіміз.

Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі контитуциялық құқық белгілерінің бірі - мемлекеттік тіл.

Жалпы, Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қатысуы және бастамасымен қазақ тілін дамыту қолға алынуда, сол сияқты Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақ елінде қазақ тілі өркендеуі тиіс, біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторының бірі еліміздің мемлекеттік тілін одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» - деген қағидасын ұмытпағанымыз жөн.

Еліміздің егемендік алуына байланысты, бүгінгі таңда қазақ тілінің мәртебесі көтерілді. Сондықтан да ана тіліміздің қоғамдық, өмірдің барлық саласында өз мәртебесіне сай орын алу барысында күрделі жағдайда өтіп жатыр.

Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Мемлекеттік тілді жетік білу бүгінгі күні әр мемлекеттік қызметкердің алдына қойып отырған өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік тілді дамытуға әрбір мемлекеттік қызметкер өз үлесін қосуы міндетті.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа берілген құжаттардың берілуіне қарай жүргізіледі, әрбір азамат істі өзінің ана тілінде, немесе өзі білетін басқа тілде жүргізуді талап етуге құқылы және өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу және кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі, сол сияқты онымен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі таңда әрбір мемлекеттік орган тарапынан халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ең алдымен мемлекеттік тілде жүзеге асыру міндет болып табылады. Астана қаласы Алматы аудандық сотының шығыс құжаттарының барлығы дерлік мемлекеттік тілде рәсімделеді. Сонымен қатар, сотта жүргізілетін іс-шаралар да толығымен мемлекеттік тілде өткізіледі. Осылайша елімізде мемлекеттік тілді дамытуға өз үлесімізді қосудамыз.

Елбасының Жолдауында айтылғандай: «Қазақстандықтар өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген мемлекеттік қазақ тілін құрметпен және лайықты оқып үйрене бастады». Сонымен қатар, тіліміз жөнінде Елбасымыз: «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деп қысқа, әрі нақты бағасын беріп, тіл болашағын айқындап қойды. Тіпті 2020 жылға дейін қалай, қандай деңгейде дамыту керек екендігін де пайызбен көрсетіп, белгілеп берді. Осы жоспарды қалтқысыз орындап отырсақ, тіл мәселесі шешіледі деп ойлаймыз. Бұл үшін әрбір қызметкер қазақ тілінің жауапкершілігін сезініп, қазақша құжатпен жұмыс жасауға бет алғаны ләзім. Атап айтатын болсақ Алматы аудандық сотында құжаттар соның ішінде сұраныстар, хаталмасулар тек қазақ тілінде жүзеге асырылуда. Дегенмен, атқарылып жатқан шараларға қарамастан бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда проблемалар да жоқ емес. Мысалы: сотқа келіп түсетін құжаттар ішінде тек орыс тілінде, немесе қазақша жазылып келе жатып жартылай орысша жазылған мәтіндер де кездеседі. Болашақта осындай қателіктердің салдарынан хаттар яғни сұраныстар қабылданбай кері қайтарылуға жатады.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. өйткені тіл - біздің ана тіліміз - Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады.

Сот қызметкерлері білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін жетілдіру үшін арнайы жыл сайын іс шаралар өтеді. Астана қаласы Алматы аудандық сотының ұжымы белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып, қазақ тіліне деген құрмет көрсетіп, қазіргі жастарға үлгі болу үшін белсенді қатысып отыр. Кез келген мемлекеттік орган сияқты Алматы аудандық соты да мемлекеттік тіл саясатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары шеңберінде жүзеге асырып келеді.

Ана тілі әр ұлттың негізгі қасиетті белгісі, ұлттың жан дүниесі. Тіл тағдыры - ұлт тағдыры, ұрпақ тағдыры.

 

Алматы аудандық

сотының бас маманы Саутбаева Г.А.

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: