Лента новостей
0

Павлодар облысынан шетелге 46 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.08.2017 22:17 Zakon.kz
Біздің өнімге қызығушылық танытқан елдердің қатарында Өзбекстан мен Қырғызстан бар.
Жыл басынан бері Павлодар облысынан Қазақстанға көршілес үш мемлекетке 46 мың тонадан асатын ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы бүгін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Дүзденбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

- Мемлекеттік қолдаудың арқасында біздің фермерлер жергілікті тұтынушыларды ауыл шаруашылығы азық-түлігімен толық қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, сыртқы нарыққа шығуға да мүмкіндік алды. Мәселен, жыл басынан бері Ресей Федерациясына 70 тонна бидай, 10 тонны ұн, 994 тонна күнбағыс майы, 223 тонна картоп, 5751 тонна сәбіз экспортталды, - дейді Ораз Дүзденбаев.

Басқарма басшысының сөзінше, біздің өнімге қызығушылық танытқан елдердің қатарында Өзбекстан мен Қырғызстан да бар.

Өзбек ағайындарға 11587 тонна астық, 816 тонна ұн, 4244 тонна күнбағыс, 14011 тонна картоп, 110 тонна сәбіз, 408 тонна қарақұмық жармасы асырылған. Сол секілді қырғыз еліне де барлығы 7 мың тоннадан асатын бидай, ұн және жарма өнімдері жіберілген.

Сонымен қатар, облысымыздағы бірқатар кәсіпорын ет, сүт, қант, күріш, шай, шұжық, ұн өнімдерін өңдеп экспорттау үшін Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Украина, Ресей секілді бірқатар елдермен келісімшарт жасасқан. Олардың қатарында «Сүт» АҚ, «Иртышские мельницы» ЖШС, «Колос» ЖШС, «Зерноград» ЖШС, «Молоком Павлодар» ЖШС, «Рубикаом» ЖШС, «Смак» ЖШС, «Ұлан» фермерлік шаруашылығы, «Жолнеркебич» жеке кәсіпкерлігі сынды кәсіпорындар бар.

Тілеуберді Сахаба

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: