Лента новостей
0

Астанада 10 мың бейнебақылау камерасы орнатылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.08.2017 22:36 Zakon.kz
Тығылып тұрып, темекі қалдығын лақтырғандар, асығып барып автобус жолағымен жүріп, жол ережесін бұзғандардың бәрін электрондық көз тіркеп отыр.
Астана аумағының 90 пайызы бейнебақылау камералары арқылы қадағаланады. Биыл қалалық әкімдіктің бастамасы және инвесторлардың көмегімен елордада 10 мыңнан астам камера орнатылмақ. Бұл шаһардағы қоғамдық қауіпсіздікті жіті бақылауға және қаладағы көлік қатынасын реттеуге оң әсер етпек, деп жазды Хабар телеарнасы.

Орнатылып қойған құрылғылар әзірге тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Қазір камералардың бейне сапасы мен ақпарат жолдау жылдамдығы тексеріліп жатыр. Қоғамдық орындарда, жолдар мен аулаларда бейнекамералар орнатылғаннан бері адамның жүріс-тұрысы, іс-әрекетінің бәрі жіті назарда.

Тығылып тұрып, темекі қалдығын лақтырғандар, асығып барып автобус жолағымен жүріп, жол ережесін бұзғандардың бәрін электрондық көз тіркеп отыр. Бәзбіреу жеке өміріме көз тікті дегенімен, басым бөлігі бақылау жүйесінің бар пайдасын сезініп те үлгерді. Әсіресе құқық қорғаушылардың жұмысы жеңілдеген.

-Елорданың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бүгінде қалада 3 мың бейнебақылау камерасы тәулік бойы қызмет етуде. Нәтижесінде жедел басқару орталығы арқылы камералар көмегімен жарты жылда 174 қылмыстың беті ашылып, 33 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалған. Оның ішінде 10 мыңнан астамы жол ережелерін бұзу фактілері бар, деді Астана қаласы ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев.

Енді қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі нығайту үшін жыл соңына дейін Астанада 10 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылмақ. 6 мыңы 400 көше қиылысына, 4 мыңы сауда орталықтары, саябақ секілді көпшілік жиналатын орындарда жайғаспақ. Айта кетері, камералар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы аясында сатып алынып, орнатылады. Оның үстіне техника да отандық өндірушілердікі екен.

-Бейнебақылау жүйесіне жұмсалатын жалпы инвестиция көлемі 8,4 миллиард теңгені құрайды. Жобаны жеке инвесторлар қаржыландырып отыр. Құйылған қаржыны қоғамдық тәртіп бұзушылықтардан қала бюджетіне түскен айыппұлдар есебінен қайтармақпыз. Инвесторлармен келісім-шарт 6 жыл 7 ай мерзімге жасалды, - деді Астана қаласы инвестициялар және даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров.

Бейнебақылау жүйесі қалалық әкімдікке қарайтын жаңа ашылған ахуалдық орталық арқылы басқарылады. Қызметкерлерінің айтуынша, кез келген заң бұзушылық тіркелген кезде оқиға орны жедел анықталып, камерадағы деректер полиция, өрт не болмаса жедел медициналық көмек секілді қызметтерге жіберіледі. Соңғылары оқиға орнына жедел жетеді. Жалпы «Смарт Сити» жобасы аясында тұрғындар орталыққа өтініш жазу арқылы кез келген камераға жазылған деректерді сұратып, көшіріп ала алады. Электрондық жадыдағы барлық мағлұмат 30 күн бойы сақталады.

Авторлары: Жұрағат Баман, Дәурен Жұрқабаев

Фото: vb.kg
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: