Лента новостей
0

Әскери қызметкер жоғалып кеткен екі жасар баланы құтқарды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.08.2017 15:26 Zakon.kz
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшісі баланы құтқарып қалды
Ефрейтор Данияр Эшайдаров жоғалып кеткен екі жасар баланы автокөліктің дөңгелегінің астынан құтқарып қалды. Бұл туралы zakon.kz ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сол күні Данияр Эшайдаров 12881 әскери бөлімінің бақылау-өткізу пунктінде қызмет атқарған болатын. Сол кезде жолдың қақ ортасында қатты жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан машиналардың жанынан келе жатқан баланы көріп қалады. Әскери қызметші еш ойланбастан көмекке жүгіреді. Ол баланы шап беріп ұстап, қауіпсіз жерге шығарады.

«Мені үрей билеп алды. Бірақ, мен өзім үшін емес, бала үшін қатты қорықтым. Сол сәтте балақай қалшиып тұрып қалмағанда, яғни, артқа немесе алға бір қадам жасаса, оны машина қағып, мен оған ешқандай көмек бере алмаушы едім», - дейді ефрейтор Эшайдаров.

Бөлім командирі подполковник Руслан Өтепов жас ананың әскери бөлімге оның бағыныстысының ерлігі туралы айтуға және баласын құтқарып қалған әскери қызметшіге алғыс білдіруге келгеннен кейін ғана білді.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев Данияр Эшайдаровты грамотамен марапаттап, оның ерлігі мен табандылығын атап өтті. Сондай-ақ бүкіл жеке құрамға үлгі ретінде көрсетті.

Фото: mod.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: