Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ақтөбеде бақташылар мал ұрлауды жиілеткен

Полиция үш бақташыны ұстады.

Фото : 11 августа 2017, 12:22
Полицейлер бірнеше күннің ішінде малды қолды еткен үш бақташыны ұстады. Бұл туралы Aktobenews.kz ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

27 шілде күні 30 жастағы қала тұрғыны Алға ауданына қарасты шаруа қожалығының 31 бас ұсақ малын ұрлаған. Шаруа қожалығының 68 жастағы иесі шағым түсіргеннен кейін, полицейлер бақташыны ұстап алды. Алайда қойлар иесіне қайтарылмады. Келтірілген шығын көлемі — 600 мың теңге.

Алға ауданының тағы бір бақташысы, 51 жастағы тұрғын өзіне сеніп тапсырылған 5 бас ірі қараны өзіне «меншіктеп алған». Мал иесіне 750 мың теңге көлемінде шығын келтірілді.

Ал, үшінші қылмыс 30 шілде күні Қарғалы ауданында тіркелді. Мұнда 60 жастағы бақташы «Еділбай тұқымды» 16 бас қойын ұрлап әкетті. Қойлар иесіне қайтарылды.

Полиция үш бақташыны да ұстады. Қазір оларға ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қамбар Маратұлы

Фото: Aktobenews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии