Лента новостей
0

Павлодарлық оқушылар медаль саны бойынша Алматымен тең түсті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.08.2017 16:30 Zakon.kz
Өткен оқу жылындағы Ертіс өңірінің қоржынындағы медаль саны 219-ды құрайды.
2016-2017 оқу жылының қортындысы бойынша республикалық пән олимпиадаларының нәтижесінде Павлодар мен Алматы облыстары тең түсті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов мәлім етті.

- Алматы облысының Қаскелен қаласында өткен педагогтардың республикалық тамыз конференциясында біздің орталық кезекті рет еліміз бойынша үздік атанды. Сонымен қатар наурыз айында Павлодарда жаратылыстану-математика, Ақтауда қоғамдық-гуманитарлық бағытта өткен пән олимпиадасында павлодарлықтар елімізде 55 медальді қанжығасына салып, Алматы облысымен бірдей екінші орынды иеленді. Бірінші орында 57 медальмен Астана тұр. Жылда облыстар арасында бірінші орын алатын едік, - дейді Ғаждембек Тұрсынов.

Өткен оқу жылындағы Ертіс өңірінің қоржынындағы медаль саны 219-ды құрайды. Халықаралық олимпиадалардағы 48 медальдің 13-і алтын, 14-і күміс және 21-і қола. Республикалық деңгейдегі медаль саны – 171. Оның 27-сі алтын болса, 57-сі күміс және 87-сі қола. Тәуелсіздік жылдары Бүкіләлемдік ауқымды олимпиадаларда Ертіс өңірінің шәкірттері 22 медальге қол жеткізген.

Оның сегізі – алтын, алтауы – күміс, сегізі – қола. Мысалы, биыл математикадан Бразилияда, былтыр Гонконгте өткен олимпиадада «Жас дарын» мектебінің оқушысы Мохаммед-Әли Әмір алтын медальді әкелген.

«Білім» инновациялық лицейінің оқушысы Темірлан Рахимов «Туймаада - 2016» халықаралық олимпиадасында топ жарды. Бұдан басқа, «Қазақстанның жаңа 100 есімі» көрме материалдарын үздік ұйымдастырғаны үшін «Ертіс дарыны» орталығы бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: