Лента новостей
0

Ақтөбе облысының тұрғындары малдың қырылуын өңірдегі экологиямен байланыстырады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.08.2017 23:09 Zakon.kz
Күні-түні мұнайдың қалдығы жағылады екен.
Темір ауданы тұрғындарының айтуларынша, кішкентай балаларда өт жолдары қатерлі ісігі жиілеген. Бұған қоса, белгісіз аурудан мал да қырылып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Қызметкерімнің баласы 5 жаста, балабақшаға барып жүр еді. Сол кішкентай баладан өт жолдары қатерлі ісігі табылды. Сондықтан ол қалаға көшіп кетті. Тұрғындар арасында асқазан қатерлі ісігі көбейген», — дейді Кенкияқ мәдениет үйінің жетекшсі Ардақ Құбашева.

Бұдан басқа, ауданда белгісіз аурудан мал қырылып жатыр. Бұл туралы Саркөл ауылында мал шаруашылығымен айналысатын Бақыт Қазбағамбетов мәлім етті.

«Мал жаппай қырылып жатыр. Бұл бруцеллез емес. Мал дәрігерлерінің өздері диагнозын анықтай алмады. Кеше жиналыста бұл қауіпсіз, жұқпалы емес ауру деп айтылды. Бұнымен тек ірі қара мал ауырады. Алдыңғы немесе артқы аяғы іседі. Мал әлсірейді. Асқынып кетсе, өледі. «Ақтөбе облысында карантин жарияланып кетуі мүмкін» деп осыны жариялауға қорқып отыр-ау», — деді Бақыт Қазбағамбетов.

Оның айтуынша, бұрын Темір өзені шаянға толы еді. Ал қазір соның біреуі де кездеспейді. Сондай-ақ, күзен, сұртышқан ауданда мүлдем жоғалып кетті.

Тұрғындар жергілікті табиғаттағы мұндай өзгерісті аудандағы экологиядан көріп отыр. Себебі күні-түні мұнайдың қалдығы жағылады екен. Өртенген мұнайдан аспанға ұшқан қара түтін бүкіл ауылды жайлап кетеді.

Қамбар Мұқаш

Фото: Aktobenews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: