Лента новостей
0

Астанадағы көрмеде Мағжан Жұмабаевтың құпия қолжазбасы таныстырылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.08.2017 16:57 Zakon.kz
Көрмеге облыстың киелі жерлерінің картасы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың СҚО-ға жасаған сапарларының фотоқұжаттары қойылады.
Астанадағы «Қазақстанның жаңа тарихи белесі» көрмесінде облыстық архив сирек әрі бірегей материалдарды ұсынады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА, өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының Астанадағы мәдениет күндері аясында Ұлттық музейде көрме ұйымдастыратын бірінші өңір болады.

«Көрмеде мешіттер мен шіркеудің метрикалық кітаптары, Қазақ хандығының тарихы мен 18 ғасырдағы шетел архивтерінің құжаттары мен құжат көшірмелері, «Алаш» партиясы мен «Алаш Орда» қызметіне қатысты бірегей құжаттар ұсынылады», - деді архивтің директоры Сәуле Маликова.

Көрмеге облыстың киелі жерлерінің картасы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың СҚО-ға жасаған сапарларының фотоқұжаттары қойылады.

«Бізде Мағжан Жұмабаевтың қолжазбасы бар. Бұл құжат бұрын құпия сақталып келген. Алайда, одан «аса құпия» таңбасы алынып тасталды. Құжат 1922 жылдың 20 тамызы күні облыста аштық болған кезде жазылған», - деп түсіндірді Сәуле Маликова.

«Қазақстанның жаңа тарихи белесі» көрмесі 24-26 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің көрме залында сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: