Лента новостей
0

Қызылордада 6 миллион теңгенің мүлкін қолды еткен ұрылар ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.08.2017 20:55 Zakon.kz
Тәртіп сақшылары пәтер ұрлығына қатысты күдіктілердің ізіне түсіп, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Қарағанды облысында 2 күдікті азаматты құрықтады.
Полиция қызметкерлері Қызылорда қаласының аумағында пәтер ұрлығын кәсіп еткен 32 жастағы екі күдіктіні құрықтады, деп хабарлады Қазақпарат ХАА, Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап. Өткен жылдан бері Ішкі істер органдарына облыс орталығының 5 тұрғыны пәтер ұрлығы бойынша арызданған.

Жәбірленушілер полиция қызметкерлеріне олардың пәтеріне белгісіз біреулердің сыртқы үй есігін ашып, қымбат бағалы зергерлік бұйымдарын және басқа да бағалы заттар мен ақшаларын ұрлағанын хабарлаған.

Мәселен, 2016 жылы полицияға 58-жастағы қала тұрғыны арызданып, Жалаңтөс Баһадүр көшесінде орналасқан көп пәтерлі үйінің есігін белгісіз азаматтар күндізгі уақытта ашып кіріп, 2 дана алтын алқасын, 2 дана кулонын, 2 дана алтын сырғасын қолды етіп, 2 миллионнан аса шығын келтіргенін көрсеткен.

Тәртіп сақшылары пәтер ұрлығына қатысты күдіктілердің ізіне түсіп, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Қарағанды облысында 2 күдікті азаматты құрықтады. Олар 1985 жылы туған Теміртау және Кентау қаласының тұрғындары болып шықты.

Полицейлердің анықтауы бойынша, күдіктілер күндіз пәтер иелерінің үйде болмағанын пайдаланып, өздерінің кілттер жинағымен сыртқы есіктің құлпын ашу арқылы ішке кіріп, азаматтардың үйіндегі барлық бағалы заттарын, ақшаларын, алтын бұйымдарын ұрлап кетіп отырған.

Олар 5 жәбірленушіге шамамен 6 миллионға жуық шығын келтірген. Осы дерекке байланысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды.

Фото: inform.kz
zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: