Лента новостей
0

Павлодарлық донор оралдық 10 жастағы бала мен үш ересек адамның өмірін құтқарып қалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.08.2017 13:53 Zakon.kz
Былтыр миына қан құйылған адамның жүрегі ағасының келісімі бойынша 67 ер адамға берілген.
Павлодар облысында 52 жастағы әйел адам еліміздегі төрт өңірде тұратын бала мен үш ересек адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында № 3 қалалық аурухананың трансплантология бойынша стационарлық үйлестірушісі Бақыт Ерубаева мәлім етті. - 14-тамыз күні біздің ауруханаға 1965 жылы туған әйел адам «Бас миы тамырларының аневризмасы (қан тамырларының кеңеюі) немесе «геморрагиялық инсульт» - миына қан құйылу диагнозымен түсті, - дейді үйлестіруші.

– Ол кезде есін білетін. Қарқынды ем қабылдау терапия палатасында ем қабылдады. Дегенмен 16-тамыз күні қайтадан қан құйылып, комаға түсті. Науқасты реаниматологтармен бақылауға алып, өңірлік трансплантология бойынша үйлестірушіге хабарладық. Бұдан кейін консилиум өткізіп, «ми өлімі» диагнозы тіркелді. Нәтижесінде психологтың қатысуымен ағасы және үлкен баласымен сөйлестік. Туыстарымын сөйлесу қиын болды. Алайда марқұмның келіні осындай жағдайды басынан өткергенін айтып, донор болу арқылы басқа адамдардың өмірін ұзартуға болатындығына түсінушілікпен қарады.

Маманның айтуынша, бұл жағдайдан хабар алысымен онкология және трансплантология ғылыми орталығының бригадасы ұшып келіп, алынған органдарды Астана қаласындағы ұлттық-ғылыми кардиохирургия орталығына жеткізіген. Сол жақта Атырау, Астана, Орал және Шымкент өңірлерінде тұратын төрт адамға ота жасалып, органдарды алмастыру сәтті жүзеге асырылған. Ең жас рецепиент 2007 жылғы ұл балаға бір бүйрегі, екіншісі 974 жылғы әйел адамға, жүрегі 1968 жылғы ер адамға және өкпесі 1950 жылғы ер адамға берілді. Биыл осымен екінші рет № 3 қалалық ауруханада донор болу оқиғасы орын алған.

Былтыр миына қан құйылған адамның жүрегі ағасының келісімі бойынша 67 ер адамға берілген. Бүгінгі таңда рецепиент Астанада тұрады және жұмыс істейді. 2016 жылы туыстарына донор болу (бүйрек алмастыру) бір рет тіркелсе, биыл үш адам туыстарының өміріне төнген қауіпке араша болған. Павлодар облысында донорлық ағзаға мұқтаж 70 адам кезекте тұр. Көбінесе жүрек пен бүйрек ауыстырылады. Өткен жылы республика бойынша бірінші рет өкпе алмастырылған. Техникалық тұрғыдан өте күрделі болып табылатын мұндай ота түріне Ертіс өңірінде биыл алғаш рет донор болу оқиғасы тіркелген.

- Төрт адамға ағзалары салынған әйел адам Теміржолшылар кентінің тұрғыны, күзет қызметінде жұмыс істеген. Ол жұмысқа кетіп бара жатқан кезде мидың тамыры жарылып, қан кеткен. Бұған дейін де қан қысымы көтеріліп жүрген. Осындай қиын сәтте мейірімділік танытып, басқа адамдардың жүрегіне үміт сыйлаған туыстарына алғыс айтқымыз келеді. Ал рецепиенттер дәрігерлердің бақылауына алынады және олардың ағзасы органдарды қалай қабылдағаны алдағы уақытта белгілі болады, - деді Бақыт Ерубаева.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: eurodoctor.eu

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: