Лента новостей
0

19 жастағы ақсулық жігіт 300 келілік «Қажымұқанның тасын» көтерді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.08.2017 09:44 Zakon.kz
Зілдей ауыр тасты көтеру үшін еліміздің әр түкпірінен қара күш иелері жиналды.
Қазақ күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі, ақсулық Әміре Бағұстар елордалық этноауылда өткен «Тас көтеру» жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Зілдей ауыр тасты көтеру үшін еліміздің әр түкпірінен қара күш иелері жиналды.

Ересек азаматтар бағындыра алмаған ауыр тасты 19 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны көтеріп алды.

- Мен бұл тасты көтеретініме толық сенімді болдым. Бастысы, тасты дұрыс ұстап, техниканы дұрыс жасау, - деді жеңімпаз.

Айта кетейік, салмағы 300 келідей болатын тасты Астанаға Баянауыл даласынан алып келген. Дәл осы жерде атақты балуан Қажымұқан тасты қолында ұстап, қара күш иесі екендігін дәлелдеген.

- Біз мұндай жарыстарды қазақ елін әлемге танытқан рухты батырларымызыға құрмет көрсету мақсатында өткіземіз. Осындай жарыс үшінші рет өткізіліп отыр, алайда тасты жерден көтере алған адам биыл ғана анықталды, - дейді Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашев.

Өз кезегінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жеңімпазды құттықтап, Әміре Бағұстарға жаңа теледидарды сыйға тартты.

Думан Асқарбек

Фото: pavlodarnews.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: