Лента новостей
0

Алматыда зиянкестердің кесірінен жасыл желектер қурап жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.08.2017 11:56 Zakon.kz
Ғалымдар бұл мәселені енді ауыл шаруашылығы министрлігі қолға алу керек дейді.
Алматыда емен, талшын және қылқан жапырақты ағаштардың түгі қалмай құрып кетуі мүмкін. Биологтар Қырғыздан елімізге жеткен зиянкестер соңғы 2 жылда жасыл желектерді құрттатып жіберіпті дейді. Енді істі насырға шаптырмай қолға алмаса, ауру жұққан ағаштарды отаудан басқа амал қалмайтын көрінеді, деп жазады Алматы телеарнасы.

Алматыда соңғы 2-3 жылдың көлемінде декоративтік ағаштар мүлде қалмауы мүмкін. Өйткені, биологтар қалаға зиянкестердің жаңа түрі келгенін айтып отыр. Олар әсіресе емен, талшын және қылқан жапырақты ағаштарға өш екен. Ал егер уақытында емдемесе, ауру басқаларына жұғып тарап кетуі мүмкін.

«Алматы қаласындағы еменнің жапырақ егегіштері қатты зақым келтіруде. Биылдың өзінде каштан ағаштары 100 пайызға дейін жапырақтарының зақымдалғаны байқалды. Оларға қарсы ғылыми тұрғыдан ешқандай зерттеулер жасалмаған. Мемлекеттен қаржы бөлінбегендіктен бұл зиянкестер өз жұмысын атқарып жатыр», - деді Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты бас директордың орынбасары Бақытжан Дүйсембеков.

Ал қурап кеткендердің міндетті түрде көзі жойылады. Бұл деген қалада тамыры тереңге жайылған ағаштар түбімен оталады деген сөз. Оларсыз әсем қаланы елестету мүмкін емес, дейді биологтар. Оған қоса, дәріге иммунитет қалыптастырып алатын зиянкестерге химиялық емес, биологиялық жолмен күресуді ұсынады.

«Зиянкестермен химиялық жолмен күресу бекер. Әр санитарлық жұмыстар сайын дозаны көбейтіп отыруға тура келеді. Олар өйткені, дәріге төзімді болып алады. Биологиялық жол қымбатқа түскенімен тиімді. Біз осы жолды ұсынамыз», - деді Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты орман және жасыл желекті қорғау бөлімінің басшысы Нұржан Мұхамадиев.

Алматыда әсіресе Тұңғыш Президент саябағындағы ағаштарды құрт жеген. Мұны дизенфекциямен айналысатын компания жасырмайды. Бірақ жылына 2 рет емдеу шаралары жүргізілетінін айтып отыр. Оған Бостандық ауданының әкімдігі 3 млн теңгеден астам қаржы бөледі. Сондықтан қаладағы саябақтар ағашсыз қалмайды дегенді алға тартады.

«2 мамыр күні санитарлық жұмыстар жүргізілді. Зиянкестер болғаны рас. Бірақ біз дәрі сепкенен кейін 2 аптада олар түбегейлі жоғалып кетті. Қазір байқасаңыздар, жаңадан сау жапырақтар шығып келе жатыр», - деді мердігер мекеменің коммерциялық директоры Виталий Тарнайкин.

Ғалымдар бұл мәселені енді ауыл шаруашылығы министрлігі қолға алу керек дейді. Әйтпегенде, Молдова елінің күйін кешіп қалуымыз мүмкін. Онда олар емен мен талшынды егуден мүлде бас тартқан екен. Табиғаттан зиянкестерге төзімсіз келетін ағаштар онда түгі қалмай жойылып кетіпті.

Жадыра Омаржан, Валерий Таубалдиев

Фото: khabar.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: