Лента новостей
0

Алматы облысында түйенің сүтімен, зәрімен сауықтыратын емхана ашылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.08.2017 14:21 Zakon.kz
Еміне шипа іздеушілер елімізді айтпағанда Ресей мен Өзбекстаннан да келе бастағаy соң, Өтеміс ақсақал емдеу-сауықтыру орталығын ашты.
Алматы облысында түйенің сүтімен және зәрімен емдейтін емдеу-сауықтыру орталығы ашылды. Мұнда мамандар қатерлі ісік, сусамыр, асқазан тағы басқа ауруларға шипа іздеуді қолға алған. Қазір ем алуға елімізді айтпағанда, Ресеймен Өзбекстаннан арнайы іздеп келуде. Ем-домның бұл түріне Жапондар мен Қытайлар да қызығушылық танытуда. Бұл туралы stan.kz, “Евразия” арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ержан Байгелдинов он жылдан астам еміне дауа іздеген. Жанына жабысқан дерттен денсаулығы сыр беріп, бауыры ісініп кеткен. Ешқандай ем қонбаған соң дәрігер мамандар тіпті бауыр алмастыруға кеңес беріпті. Мысырда түйенің зәрімен емдейді дегенді естіп сол жаққа бармақ болғанда соғыс басталып кеткен. Алыстан іздегені елімізден табылып, қазір денсаулығы жақсарған.

«Түркістаннан достар күтіп алып, 40 күн түйенің сүтін іштім зәрімен. Тағы айтты екі сағаттан кейін финик, чернослив, курага и слива төртеуін ақырындап же деді. Зерттеп қарасақ бәрінің құрамы жүрекке бауырға пайдалы екен» – дейді Ержан Байгелдинов.

Ал Тазагүл Қуанова дертіне шипа іздеп Өзбекстаннан келіпті. Айықпас дертке шалдыққан келіншеке бірнеше рет ота да жасалып, 2 метр ішегін алып тастаған. Алайда нәтиже шамалы болғандықтан дәрігерлердің өзі халық еміне жүгінуге кеңес беріпті. Өңеші мен аузына жара қаптап кеткендіктен дәрігерлер түйенің зәрімен шаюды ұсынған.

«Кейін мен зорға шыдап, бастапқы күні аузымды шайдым. Қарсы қолымда айна, қараймын аузымның, тілімнің, тістің жарасы бәрі кете бастады. Тек қана орындары қалды» – дейді Тазагүл Қуанова.

Еміне шипа іздеушілер елімізді айтпағанда Ресей мен Өзбекстаннан да келе бастағаy соң, Өтеміс ақсақал емдеу-сауықтыру орталығын ашты. Мұнда бір мезетте 40 адамды қабылдауға мүмкіндік бар.

Жаз шыққалы бері бұл жерден жанына шипа іздеп келген жүзге жуық адам ем алған. Науқастардың бетін бері қаратқан түйенің сүті мен зәрі дейді. Өтеміс Маханов ең бірінші ем қону үшін науқастарды ашықтырып, одан кейін түйенің зәрі мен сүтін береді екен. Сүт пен зәр ішкі ағзаларды біртіндеп тазартып, аурудың бетін кері қайтаруға септігін тигізетін көрінеді.

«Былтыр Ресейден келді біраз адам. Осы Өскемен, Семейден келді біраз адам. Олардың өзі жазылды. Рактың өзі. Ауырып ісіп кеткен, асқазанның рагын жаздық. Бір әйел 4 степень асқазанға, ұйқы безге барлығына жайылып кеткен ғой. 40 күнде жазып аяғынан тұрғыздық» – халық емшісі Өтеміс Маханов.

Түйенің зәрін зерттеген мамандар онда ауруды емдеуге қажетті алтын, күміс сынды металдар бар екенін анықтаған. Ал түйенің сүтін жеміс жидектердің жиынтығы дейді. Себебі онда ағзаға қажетті дәрумендердің барлығы кездеседі екен. Қазір мұнда қатерлі ісік, сусамыр, бауыр ауруларынан емдедуде.

«Сахарный диабеттің асқынған формалары, асқынбаған түрі болсын соларды емдеп жатырмыз. Бауырдың ісіктерін емдеп жатырмыз. Ұлтабар, тоқішектің қабынғандарын емдеп жатырмыз. Ісік ауруларына да қолданып жатырмыз. Зәрі мен сүтін қосып жатырмыз. Буын ауруларына, тері ауруларына көмегі бар. Келешекте қаймағынан крем жасаймызба деген ойлар бар» – дәрігер гепатолог Қаржас Омаров.

Қазір емнің бұл түріне қызығушылық танытқандар көбейе бастаған. Жапондық мамандар келіп осы өңірде өсімдіктердің 38 түрі өсетінін анықтаған. Қытайлық мамандар бірлесе жұмыс істеуге ұсыныс жасапты. Олар түйенің зәрінен капсула жасап, сүтін құрғатуды көздеуде. Бұл әдіс Шалғайдағы жолды көтере алмайтындарды қашықтықтан емделуге тиімді екен.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: